Биология кафедрасы – Кафедра тарихы

Биология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Биология» кафедрасының тарихы 1978 жылы құрылған «Химия және биология» кафедрасынан басталады. 1979 жылдан бастап «Биология»  кафедрасы болып өзгертілді.  Жылдан жылға институт өсе келе, кафедралар жұмысының ауқымы кеңейіп, олардың атаулары да кафедра айналысатын салаға сай өзгеріп отырды. Әр жылдарда кафедраны УразаевЭ.Г., Айпеисова С.А., Телеуов А.Н., Мендыбаев Е.Х., Темірова А.М., Тәжіғұлова Б.М., Тургенева О.М., Изимова Р.И., Адманова Г.Б., Қазкеев Е.Т. басқарды. 2017 жылдың мамыр айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін Адманова Гүлнұр Болатқызы атқаруда.

Кафедраның құрылуына зор үлес қосқан профессор –  оқытушылар:   Ольховик Н.В., Уразаев Э.Г., Садыков А.Р.,  Дрямова М.Д., Хасенов К.О., Исабаев С.Я.,  Айпеисова С.А., Брудная С.М., Фандина А.В., Осинова М.Г., Цыганков И.Г.

Қазіргі кезде биология кафедрасы төмендегідей білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

Бакалавриат мамандықтары бойынша:

6В01505 – Биология

6В05101 – Биология

6В05102-Биотехнология

Магистратура мамандықтары бойынша:

7М01505-Биология

7М05101-Биология

Бакалавриат мамандарды даярлау мерзімі: 4 жыл – күндізгі оқыту; 2 жыл және 3 жыл –  қашықтықтан оқыту білім беру бағдарламасы; магистратура мамандарын даярлау мерзімі: 2 жыл – ғылыми және педагогикалық бағытта, 1,5 жыл – бейіндік бағытта.

Қазірге кезде биология кафедрасы бойынша  білім алушылар – мемлекеттік білім грантының иегерлері, ауыл квоталары, әкім грантының иегерлері, «Серпін» бағдарламасының грант иегерлері.

Оқу орнын бітіруші түлектер білім бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры», «Жаратылыстану бакалавры» квалификациясына ие болады, ал магистрлерге  «Педагогика ғылымдарының магистрі», «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

6В01505-«Биология», 6В05101-«Биология», 7М05101-«Биология» білім беру бағдарламалары ҚР АРТА мамандандырылған  аккредитациясынан сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.) аккредитациядан өту сертификатын алды.

6В01505 -«Биология» мамандығы  2017 жылғы Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 3 орынға ие болды.

7М01505-«Биология» білім беру бағдарламасы ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын  сараптау тәуелсіз агенттігінен 5 жыл мерзімге (12.06.2020ж. – 11.06.2025ж.)  мамандандырылған  аккредиттеуден өтті.

6В05102-Битехнология білім бағдарламасы Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге (23.12.2020 – 22.12.2025) аккредиттелді.

Кафедрада 8 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторы,  15-магистрлер қызмет атқарады, ғылыми дәреже көрсеткіші – 47% құрайды.

Кафедраның  оқытушылары 6D060700 – «Биология» мамандығы бойынша Ж.І. Қуанбай (Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті), 6D061300- «Геоботаника» мамандығы бойынша Б.А. Туралин  (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 6D011300- «Биология»мамандығы бойынша  Б.Б. Саримбаева (Абай атындағы ҚазҰПУ университеті)  РhD докторантурада білімдерін аяқтады.

Кафедраның  оқытушылары Ж.Ж. Кукенов және А.Т.Каирова 8D01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ББ бойынша  (Қ.Жұбанов ат.АӨУ), Тажигулов Н. Түркия Республикасында  Памуккале университеті, Жаратылыстану факультеті, Биология бөлімі  бойынша  РhD докторантурада өз білімдерін жалғастыруда.

Қазіргі таңда биология кафедрасы білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату және алған білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында келесідей кафедра филиалдары ашылып жұмыс жасалуда: “Новый орта мектеп-лицейі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп (Ойыл ауданы), Ақтөбе жоғарғы ауылшаруашылық колледжі, Қалалық жас натуралистер стансиясы, Ырғыз-Торгай мемлекеттік табиғи резерваты, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасы, 2019-2020 оқу жылында Ақтөбе гуманитарлық коледжі,  №69 ОМ,  2020-2021 оқу жылында Байғанин ауданында «Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде»,  сонымен қатар 2021-2022 оқу жылында Мұғалжар ауданының Ақкемер  және Ырғыз ауданының №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінде  биология кафедрасының филиалы ашылды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының марапаттары, атап айтсақ:

  • б.ғ.д., профессор Айпеисова С.А. «Құрмет» орденінің иегері;
  • б.ғ.к., доцент Жолдасова И.М. «Ғылымға еңбек сіңірген қайраткер»;
  • м.ғ.к., доцент Изимова Р.И., п.ғ.к., доцент Бодыкова И.Ж., б.ғ.к., аға оқытушы Адманова Г.Б. Ақтөбе МПИ және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Үздік оқытушысы»;
  • б.ғ.к., аға оқытушы Адманова Г.Б., ҚР ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаты (2022 жыл);
  • м.ғ.к., доцент Изимова Р.И. «Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда  жеткен жетістіктері үшін ҚР БҒМ құрмет грамотасының» иегері (2019 жыл);
  • б.ғ.к., доцент Базарғалиева А.А. «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» Қ.Жұбанов атындағы АӨУ (2020 жыл), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР ғылым және жоғары білім министрі төс белгісінің иегері (2022 жыл);
  • б.ғ.к., доцент Казкеев Е.Т. (2009 жыл), PhD Махамбетов М.Ж. (2017 жыл) «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» ҚР білім және ғылым министрлігі;
  • Магистр, аға оқытушы Кеубасова Г.О. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияның Montreux School of Business университетінде тағылымдамадан өтті (2014 жыл);
  • PhD Исимов А.М. ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Ең үздік ғылыми қызметкер 2023» байқауының жеңімпазы;
  • б.ғ.к., аға оқытушы Адманова Г.Б. Болашақ бағдарламасының  “500 ғалым” жобасы аясында Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде (2024 жыл).

Оқытушылардың көпшілігі «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының және Кіші ғылым академиясының ұйымдастыруымен өтетін олимпиадаларда, ғылыми байқаулардың тұрақты түрде сарапшылары және қазылар алқасының мүшелері.

Профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми –практикалық конференцияларға, семинарларға белсене қатысады, ғылыми әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде білім жетілдіру курстарынан өтеді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы