7М01505 – Биология
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01505-Биология
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл
Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт:
7М01505- Биология білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:
білім беру (жоғары оқу орындары, жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледж); басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары); ғылым (ғылыми-зерттеу ұйымдары және институттары).
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:
- ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- мамандық бағытындағы зертханалар;
- мемлекеттік басқару орындары;
Бейінді бағыт бойынша:
- ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағыт бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми –зерттеу жұмыстарын орындай алу;
- жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру;
- өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы қызметі;
- биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетіндегі (санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және т.б.) қызмет.
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде ең жаңа әдістер мен құралдарды пайдаланып, оқыту мен тәрбиелеу; ең жаңа зерттеу әдістері, құрал-жабдық, материалдар және т.б.; басқаруда – қазіргі заманғы кеңсе жабдығы, әртүрлі деңгейде қарым-қатынас жасау, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әртүрлі қосымша материалдар агробиостанция және юнаттар станциясы болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М01505-Биология білім бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- тәрбиелік жұмыстар;
- кәсіптік бағдарлау;
Бейінді бағыт бойынша:
- оқыту;
- зерттеу;
- санитарлық-гигиеналық;
- салауаттылық.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Биология» кафедрасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Жас натуралистер» станциясы, «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», “Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы; «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облысы бойынша; Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы-ММ; Ақтөбе қаласындағы №51, №27, №21, Новый орта мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебі, М.Құсайнов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты, Білім және инновация мектеп-лицейі және т.б.
Модульдік білім беру бағдарламасы
МОП 7М01505-Биология 21-23 каз2023-2024 оқу жылына арналған элективті модульдер каталогы 2 курс
7М01505-Биология 2 курс 2023-2024 каз