Биология кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Биология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

6В01505 – Биология, 6В05101 – Биология, 6В05102-Биотехнология  мамандықтарына сабақ өткізу үшін кафедраның материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсартылуда. Сапалы білім беру үшін қазіргі таңда кафедрада жабдықталған 4 оқу-зертханасы, педагогикалық тәжірибелердің әдістемелік кабинеті және бірнеше оқу аудиториялары жұмыс жасайды.

Барлық оқу – аудиториялары оқыту процесіне қажетті техникалық құралдармен: интерактивті тақта, компьютерлер, мобилді проектор, ноутбуктермен жабдықталған.

                                                                                                 Релаксация аймағы

                                                          «Микробиология және биотехнология» оқу ғылыми зертханасы

               «Микробиология және биотехнология» оқу ғылыми зертханасының препараттар бөлмесі

                                                                   «Цитология және гистология» оқу аудиториясы

«Биологияны оқыту әдістемесі» оқу аудиториясы

«Зоология» оқу аудиториясы

«Биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытудың териясы мен әдістемесі» оқу аудиториясы

                              

«Адам анатомиясы және физиологиясы» оқу зертханасы

                               

«Өсімдіктер физиологиясы» оқу зертханасы

                                  

«Эволюциялық биология және антропология» оқу аудиториясы

Лектік оқу аудиториясы

                                                                                                          Тьюторлық класс

              

«Генетика» оқу аудиториясы

                           

«Ботаника» оқу зертханасы

                                      «Ботаника» оқу зертханасының препараттар бөлмесі

            

  Дрозофила зертханасы

«Профессор Исабаев Сағит Жәудеұлы атындағы» оқу аудиториясы

                                                                                                      Жұбанов жылыжайы № 1

                                                                                   Жұбанов жылыжайы № 2

Кафедрада ғылыми-педагогикалық жұмыстан басқа, теорияны бекіту мақсатында практикалық жұмыстар да атқарылады.

6В05101 Биология және 6В05102 Биотехнология мамандықтарының студенттерінің кәсіби практикаларын ұйымдастыру мақсатында «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Жас натуралистер» станциясы, «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», «Үстірт мемлекеттік қорығы”, Ақтөбе облыстық «Үлкен Борсық Орман шаруашылығы», «Фитосанитария» Ақтөбе облыстық филиалы; «Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Ақтөбе филиалы; Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе облысы бойынша ; Ақтөбе қаласы ЖШС «Молочные истории-А»; Ақтөбе обаға қарсы  күрес станциясы-ММ; Ақтөбе облысы «”Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерваты» ММ; «Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы» ММ; «Ақтөбе облысының ветеринария  басқармасы» ММ;  ШС» Арал филиалы, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты;  ЖШС «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы»; Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау департаменті ММ; «Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚМ, ШЖҚ МКК “Облыстық қан орталығы”,  ЖШС “Айс +”, ЖШС “Рамазан”, ЖШС “Гигиенист” мекемелерімен тығыз  байланыс орнатылған.

Педагогикалық практикалардың базалары ретінде Ақтөбе қаласындағы №51,  №40, №27, №39, №23, №30, №21, №6, №34, №28, №10, №61, №38, №24, №63, №64, Новый орта мектебі, Сымбат мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебі, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей, Білім және инновация мектеп-лицейімен келісім шарт жасалған.

Кафедра ұжымы көптеген жылдар бойы келесідей ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды:

  • «Ақтөбе-Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы;
  • Батыс аймақтық кіші ғылым Академиясы;
  • Ақтөбе облыстық мамандандырылған дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернаты.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы