7М05204 – Экология
Шифр – мамандықтың атауы:
7М05204 – Экология
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (Сертификат №АВ 115805.12.2016 ж.).
Оқу түрі, мерзімі:
бейіндік бағытта – 1,5 жыл
Берілетін дәреже:
«7М05204 – Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
- қоршаған ортаны қорғауға арналған аймақтық экологиялық мекемелер;
- биосфералық резерваттар мен қорықтары;
- өндірістік және экологиялық кәсіпорындар;
- агроөнеркәсіптік кешендер мен полигондар.
- ғылыми-зерттеу институты.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармалары;
- ұлттық парктер, қорықтар, табиғи қорықтар, биосфералық резерваттар;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- агроөнеркәсіптік кешендер;
- энергетикалық нысандар, атом электр станциялары, полигондар;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.
Кәсіби қызметінің пәні:
биосфера және оның компоненттері; экологиялық мониторинг және маркетинг; табиғи және қалалық экожүйелер және олардың компоненттері; қоршаған ортаның инспекциясы мен мониторингі; болжамды модельдерді жасау; экологиялық білім беру және тәрбиелеу; технологиялық үдерістерде және жаңа кәсіпорындардың, елді мекендердің, ҚОӘБ және экологиялық аудиттің жобалауындағы экологиялық талаптарды сақтау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- жобалық-өндірістік;
- әкімшілік-өндірістік;
- өндірістік-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу.
Практика базалары:
РММ «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті», ММ «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ, РММ «Казгидромет», АҚ «Ақбұлақ», АҚ «АЗХС», ЖШС «АСУ ЭКО», ЖШС «Гидроэкоресурс», ЖШС «НИИ Батысэкопроект».