Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Жаратылыстану факультетінің үлкен мақтанышы факультетіміздің түлектері. Факультет түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі саясатшылар мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады.

Факультетімізде әр жылдары төмендегідей түлектеріміздің қатарында қалалық білім бөлімінің жоғары деңгейдегі әдіскері, PhD докторы А. С. Садыкова, Германиядағы Росток университетінің ғылыми қызметкері Н. К. Келжанова, ЖОО «Гидроэкоресурс-L» директоры  Д.Б.Алиев, РМК «Казгидромет» зертхана меңгерушісі Ж.Т.Жаметов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы  С.И. Альмурзаева,  АҚ «Казмұнай газ» – инженер эколог А.А.Агадиев, мектептердің мұғалімдері – Г. К. Жалашева, А. Ж.Таумова, Г. У. Адиева, Е. Т. Кенжебай,  А.А.Надир және т.б.