6В05302 – Химия
Шифр – мамандықтың атауы:
«6В05302 -Химия»
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
«6В05302-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- аналитикалық, экологиялық, кеден, санитарлы-эпидемиологиялық,
- сертификациялық қызметтерінің өндірістік лабораториялары;
Кәсіби қызметінің нысандары:
- химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтік профильдегі ғылыми – зерттеу мекемелері (институттар, лабораториялар), колледждер, лицейлер
Кәсіби қызметінің пәні:
- жоғарғы сапаны қамтамасыз ететін жаңа технологиялық процестерді өңдеу мақсатымен бастапқы шикізаттың аралық өнімдердің қасиеттері мен құрамын бағалау;
- көмекші материалдар мен шикізаттардың, қондырғылардың жоғары эффективті қолданылуын қамтамасыз ету және бағалау;
- бейорганикалық заттардың және материалдардың өндірісіндегі технологиялық регламентінің талаптарына сәйкес технологиялық процестерді іске асыру;
- бейорганикалық заттар мен материалдарды өндірудің жаңа технологиялық сұлбасын жобалауда техникалық міндеттерді өңдеу, технологиялық линиялар мен технологиялық қондырғыларды таңдау;
- жаңа технологиялық процестерді, технологиялық линияларды немесе технологиялық қондырғыларды жобалауға техникалық міндеттерді жөндеу;
- технологиялық процестерді, технологиялық линияларды немесе технологиялық қондырғылардың және бар технологияның модернизациясы бойынша техникалық міндеттерді өңдеу;
- әр түрлі типтегі (зертханалық, тәжірибе-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік) технологиялық регламенттерді өңдеу;
- жіберуші-жөндеуші жұмыстарды жүргізу және қамтамасыз ету, есептеуші-жобалаушы әрекет;
- бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісінде жобалау құжаттарын өңдеу;
- талдау және альтернативті технологиялық жеке жолдардың варианттар бағасымен талдау;
- жұмыс істейтін өндіріс жағдайында мамандар мен орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
- еңбектік және өндірістік тәртіптерді қажетті деңгейде ұстау;
- өндірістің технико-экономикалық талдауын жүргізу;
- талдаудың құралдары мен қажетті әдістерін қолдана отырып, технологиялық процестер, қондырғылар динамикасы мен күйінің сараптамасы мен диагностикасы;
- жаңа бейорганикалық материалдарды синтездеу және жаңа процестер мен өндірісті өңдеу аймағындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу жәнен жоспарлау;
- химия-технологиялық өндірісте сервистік және эксплуатациялық аппараттарды пайдалануды дамыту және ұйымдастыру.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- өндірістік-технологиялық;
- есептеу, жобалау-құрастырушы;
- ұйымдастырушы-басқарушылық;
- сервистік-эксплуатациялық;
- ғылыми-зерттеу.
Практика базалары:
«АХҚЗ» АҚ, ЖШС«Гидроэкоресурс – L», «ҚР Энергетика Министерлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология Департаменті»