Биология кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Биология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Биология мамандығының бітірген түлектердің 80-85 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Факультетте жыл сайын сәуір айында бітіруші түлектер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылады.

Біздің түлектеріміз төмендегідей мекемелерде жұмысқа орналасқан:

  • мемлекеттік әкімшілік мекемелер (мемлекеттік экология сараптаманың бөлімі);
  • мектепке дейінгі мекемелер
  • мектептер, лицейлер  гимназиялар;
  • мамандандырылған және білім беру мекемелері;
  • мектептер және техникум колледж және жоғарғы оқу орындары;
  • ғылыми және өндірістік мекемелер (биотехнологиялық биомедициналық азық-түлік өнеркәсібі ауылшаруашылық);
  • фармацевтік және азық-түлік кәсіпорындары;
  • мұнай компаниялардың зертханалар;
  • ГЭС зертханалар;
  • денсаулық сақтау мекемесі;
  • ғылыми-зерттеу институттар және зерттеу орталықтары.

Бiз Қазақстанның белді мектептаінде қызмет атқарып жатқан өз түлектермен  мақтанамыз. 2018-2019 оқу жылында бітірген биология мамандығы түлектерінің төмендегідей жұмыс орындарына   орналасу туралы ақпарат: СЭС, №63 ОМ, Ұлттық сараптама орталығы, Ы. Мұхамеджанов атындағы ЖББО мектебі, дені сау ұрпақ медциналық мекемесі, Ойыл МГ, А. Жумалиев атындағы  ОМ, Корей орталығы тіл маманы, ТОО Рамазан,  №25 ОМ Қызылорда обл, Қармақшы ауданы, Қобда ауданы Қосөткел негізгі мектебі, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің МГ комуналдық мемлекеттік мекеме, Шұбарқұдық МГ, Еңбек негізгі орта мектебі, Алгабас негізігі ОМ, №69 ОМ, №265 ОМ Арал ауданы, Шетпе МГ, КГУ мамандандырылған мектеп интернат, Дарын мектебі, Тобанияз ОМ, №41 ОМ,  №51 МГ, №26 Ом Жаңаөзен, №3 Ом, №1 ОМ,  Сымбат ЖМ,  №2 МГ алга,Темірсаққан ОМ Қобда ауданы, С.Лапин атындағы №262 ОМ, №3 ОМ Қандыағаш, №36 ОМ, №4 ОМ Қандыағаш, №2ОМ Шалқар, Болашақ коледжі директор орынбасары  ретінде, мұғалім, зертханашы, тәлімгер, ғылыми қызметкер, сараптамашы ретінде қызмет атқарады

6В05101- Биология, 6В01505-биология білім бағдарламасы бойынша бітірген түлектеріміз С.Сейфулин атындғы КазАгротехникалық  университеті, Мәскеу университеті, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, Халықаралық Шығыс Еуропалық университеті, Букетов атындағы ҚАРМУ, Абай атындағы КазҰПУ, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш.Есенов атындағы АМУ, Silkway халық аралық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Башқұрт мемлекеттік университетінде және т.б. мекемелерде өз білімдерін магистратурада жалғастыруда.

Айгүл Мұқашева – Ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық өндірістік кәсіподақ ұйымының жетекшісі,  Ақтөбе өңірлік университетінің «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша түлегі.

1986 жылы институтты бітірген соң, еңбек жолын Ақтөбе облысы Темір орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастады. 1987-1996 жылдары Қ.Жұбанов. атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтының педагогика және әдістеме кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді

Закария Күнсулу Далтонқызы – биология ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми -зерттеу институтының бас директоры. Қазіргі таңда Закарья К.Д. бастауымен QazSovid-in коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина әзірленуде. Ол Ақтөбе педагогикалық институтын «химия –биология» мамандығы бойынша 1989 жылғы түлегі.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы