Биология кафедрасы – Жетістіктер

Биология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Қазақстан Республикасының АРТА кеңесінің шешімімен 2016 жылдың 5 желтоқсанында кафедраның 3 білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді:

  • 6В01505 – Биология
  • 6В05101 – Биология
  • 7М05101-Биология

Бұл мамандықтар кеңес шешімімен білім беру қызметінде сапасының жоғары екенін дәлелдеді. Мамандық студенттері үнемі Қазақстанның алдағы ЖОО-мен жүргізілетін  республикалық пәндік олимпиадалар, конкурстар және халықаралық конференциалардың жүлдегерлері. Атап айтар болсақ, Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің ұйымдастыруымен өткен «5В060700-Биология»  мамандығы бойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында командалық есепте 2019ж ІІІ орын,  2018ж II орын, 2017 жылы ІІ орын, жеке есепте Кажыгали Иресгелдиев ІІ-ші орын  және 2016 жылы  командалық есепте ІІІ орын иеленді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «5В01130-Биология»  мамандығы бойынша өткізілген Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында жеке есепте Сансызбаев Жандос 2019ж ІІІ орын,  Академик Е.А. Бөкенов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде командалық есепте 2018ж І орын, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында командалық есепте 2016жылы және 2017жылы ІІІ орындар иеленсе, 2016 жылы Сансызбаев Ж. жеке есепте І орын иеленді.

Кафдерада ғылыми педагогикалық серіктестік бірнеше бағытта дамуда: халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламарға қатысу, бірлескен басылымдар (мақалалар), академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында ғалымдарды курстар оқуға шақыру, конференцияларға қатысу және біліктілікті арттыру. Университеттің бүгінгі күнге Қазақстанның және ТМД елдерінің ЖОО-мен тығыз ғылыми байланысы бар және бірқатар ғылыми-теориялық және практикалық конференциялардың ұйымдастырушысы.

2017 жылдың 16 қазан мен 30 қараша аралығында Ақтөбе қаласының әкімшілігі мен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты байқауда 5В011300-Биология мамандығының 4 курс студенті Нұртас Әділханов  қала әкімі  І.С.Испановтың қолынан алғыс хатпен марапатталды.

2016 жылы 5В060700-Биология мамандығының студенттері Гулнур Амирова мен Дания Смагулова «Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерватының шаян құстардың тәлімбағын құрудың негіздемесі және мониторинг» атты жобаға қатысып, «Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы – 2016» атағын иеленді, және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2017-18 оқу жылының 1-ші оқу семестрінде 5В011300, 5В060700 – Биология мамандықтары бойынша студенттердің халықаралық мен ғылыми сайыстарда жетістіктерге жетті.

Студенттің Т.А.Ә. Оқыту курсы Конкурс, олимпиада, жарыстар атауы Награда түрі Жетекшілері
1 Стрючкова О. 5В01300-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом Семенихина С.Ф.
2 Агаева Н.Ш. 5В01300-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом
3 Урумбасарова Д. 5В01300-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом
4 Гегельман А. 5В01300-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом
5 Трнабаева Э. 5В01300-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы IІ дәрежелі диплом
6 Дауенова Д. 5В060700-Биология 4 курс Кәсіби шеберліктің VІ халықаралық білім беру байқауы «Педагогическое просвещение», 30.10.2017, Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом
7 Актаева Е. 5В011300-Биология 3 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы ІІІ  дәрежелі диплом
8 Тугизбаева К.С. 5В011300-Биология 3 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы Лауреат диплом Адманова Г.Б.
9 Гамова С. 5В011300-Биология 3 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы ІІІ  дәрежелі диплом Семенихина С.Ф.
10 Баракпаева Г. 5В011300-Биология 3 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы Лауреат диплом
11 Төлеш А. 5В060700-Биология 2 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы Лауреат диплом
12 Кеңесбекұлы Н. 5В060700-Биология 4 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы Лауреат диплом
13 Жеткергенқызы А. 5В060700-Биология 4 курс VІІІ Халықаралық ғылыми зерттеулер байқауы «Открываю мир», 06.12.2017ж., Чебоксар қаласы I дәрежелі диплом

Startup жобасы аясында «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі»  байқауында өз жобасын ұсынып «Шырайгүл өсімдігін тиімді жолмен өсіру»  3 орын иеленді (Калиева А.К., Каирова А.Т.).

Анкара қаласында «KU Biogen» «V Халықаралық иновация және жаһандық  мәселелере» конгресіне сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Кастамону университетінде білім алып жатқан  6М0 11300-Биология мамандығының 1 курс магистранттары Г.Шалқар, Н.Ташиғұл  «Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мәселелері»  тақырыбындағы мақаласымен қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.

2019 жылы “ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ” номинациясына ие болған биология кафедрасының аға оқытушысы Абдукаримов Абдумурат Махатұлы.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастырумен еліміздің білімді жас ғалымдарын қолдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистранты-2019» республикалық байқауға 7М01505 және 7М05101-Биология білім бағдарламасының магистарнттары Ташигул Н. Е. және Ирисгелдиев К. қатысып жүлделі I орынмен және төсбелгімен марапатталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдығы және Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін  магистр, аға оқытушы А.М. Абдукаримов Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының алғыс хаты және медалімен  марапатталды.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен және кәсіподақ ұйымының демеушілігімен 1 айға созылған  «Үздік куратор-эдвайзер-2021» байқауында факультет атынан қатысқан, Биология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Агадиева Марзия Сарановна байқауға белсенді қатысқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В011300-Биология ББ бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында  жеке есепте 6В01505-Биология 2 курс студенті  Исатай Әділ ІІІ орын иеленді. Ғылыми жетекшісі биология кафедрасының магистр, аға оқытушы Сырымбетов С.Т.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің «Ғылым апталығы-2021» аясында «A NEW BEGINNING OF SCIENCE» ғылыми- зерттеу жобалары байқауында  5B060700-Биология ББ 3 курс білім алушысы  Макуева Б.М «Энергетикалық құндылығы жоғары жемістерден шоколад алудың биотехнологиялық әдістері» тақырыбында үздік жоба иегері атанды. Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының магистрі Ташигул Н.Е.

2021 жылдың 2-3 наурыз күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті білім беру процесін ұйымдастыру департаменті оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің  Үздік әдіскер-оқытушысы» байқауына биология кафедрасының аға оқытушылары  Р.Н.Бисалыева мен И.Ж.Молдековалар  қатыстып, ректордың алғыс хатымен және бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі Жандос Сансызбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолынан Алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат Жандос Сансызбаевқа, оның жетекшілігімен дайындаған оқушы Ернар Батыржанов биология пәні бойынша Халықаралық олимпиададан қола медаль жеңіп алғандығы үшін берілді.

Айта кетейік, Жандос Сансызбаев 2019 жылы Жұбанов университетін биология мамандығы бойынша бакалавриат, 2021 жылы магистратура бойынша тәмамдаған болатын.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Биология»  ,білім бағдарламасы білім алушысы Әбдіғазым Ә.А. алғыс хатпен марапатталды. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Көкөністер мен жемістерді химиялық қауіпті элементтерден сақтаудың биотехнологиялық әдістері», ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., аға оқытушы Калиева А.К.

«Биология» бөлімі бойынша 2020 жылы СҒЗЖ конкурсынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті студенті Саматова А.Е. ҚР Білім министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды. Ғылыми жұмыс тақырыбы «Түрлі фосфор тыңайтқыштарының астық дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., аға оқытушы Атаева Г.М.

Түркістан қаласында  2021-2022 оқу жылының 16-17 қазан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Түркістан әкімінің кубогіне арналған “Түркістан-көшбасшылар алаңы” атты Республикалық турнирінде факультетіміздің “5B011300 Биология” ББ, 4 курс студенті Шамитова Толқын Абзалқызы “Заман біздікі” ИЭО атынан қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

2022 жылдың 12-13 сәуір аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткен ЖОО-дары арасындағы Республикалық олимпиадаға 5В011300-Биология білім бағдарламасының 3 курс студенттері Исатай Әділ мен Егемберді Нұрдаулет қатысып, командалық есепте 2 орын, жеке есепте Егемберді Нұрдаулет 3 орын иеленді.

      

2022 жылдың 21-22 сәуір аралығында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен ЖОО-дары арасындағы Республикалық олимпиадаға 5В060700-Биология білім бағдарламасының 4 курс студенттері Еркін Асқар, Уразалиев Берік және 6В05101-Биология ББ 2 курс студенті Бахытжан Даулетхан қатысып, командалық есепте 2 орын иеленді.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткен «ТМД-ның Үздік студенті» атты халықаралық байқауда факультетіміздің «6В01505-Биология» ББ, 3 курс студенті, «Zhubanov volleyball league» студенттік клубының төрағасы Исатай Әділ Айдарбекұлы топ жарып, І дәрежелі дипломға және «ТМД-ның Үздік студенті» төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ ғылыми мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері студенттерінің «Талантты жастар энциклопедиясы» халықаралық студенттік кітап топтамасының IV томдық жинағына енді.

                 

ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбекұлының атынан  Биология кафедрасының доценті биология ғылымдарының кандидаты Базарғалиева Әлия Айдарханқызы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен  және биология ғылымдарының кандидаты Адманова Гүлнұр Болатқызы Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының 6В05102-Биотехнология ББ 3 курс білім алушысы Шанбаева Айдана Қайырлықызын Қазақстан Республикасы Президенті атындағы стипендия иегері атанды.

2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен жоғарғы оқу орындары студенттерінің XV республикалық пәндік олимпиадасында биология кафедрасының аға оқытушысы Ж.І. Қуанбай жетекшілігімен 6В05101-Биология ББ 3 курс білім алушысы Орынбасар Айсәуле, 2 курс білім алушылары Якубова Інжу және Аяпбергенов Мейірбектен құралған “Гиппогриф” тобы командалық есепте жүлделі 3 орынды иеленді.

2023 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткен “Жыл құсы-2023” халықаралық жобалар көрмесінде биология кафедрасының аға оқытушысы Ж.І Қуанбай жееткшілігімен 6В05101-Биология ББ 3 курс білім алушысы Бақытжан Дәулетхан, 2 курс білім алушылары Якубова Інжу және Аяпбергенов Мейірбек командалық есепте жүлделі 2 орынды иеленді.

2022-2023 оқу жылында «Ғылым жарығы-2023» атты ХХХХІ Халықаралық ғылыми зерттеу конкурсынан 6В05102-Биотехнология ББ білім алушысы Послушная О., 2-дәрежелі дипломымен марапатталды.  Ғылыми жоба «Микробиологические свойства нефтеокисляющих микроорганизмов» тақырыбында қорғалды. Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., аға оқытушы Адманова Г.Б..

2022-2023 оқу жылында Ғылым айы аясында ұйымдастырылған  университетішілік “Жыл үздігі” байқауында Биология кафедрасы “Үздік кафедра” номинациясына ие болды.


 

Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы