Студенттік өмір

Студенттік өмір

Жаратылыстану факультеті студенттерге таңдаған мамандығы бойынша терең білім беріп қана қоймай, тәрбие жұмысына да аса мән береді. Әрбір білім алушының патриоттық рухын, белсенді өмірлік тұғырнамасын,  оптимистік көзқарасын қалыптастыру факультет деңгейінде қабылданған жоспарлар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысын жүргізуде белсенді жұмыс студенттік сенатпен тығыз байланысты. Бұл мақсаты мен міндеті айқын, өз құндылықтарын айқындай білетін факультеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін студенттік өзін-өзі басқару ортасы.

Студенттік сенаттың  негізгі мақсаты студенттің мүдделерін қорғау, белсенділігін арттыру және факультет басшылығымен студенттер арасында байланыс орнату.

Бүгінгі таңда студенттік сенаттың жұмысы факультет басшылығы атынан үлкен қолдауға ие.

Студенттік сенатқа клубтар мен секторлардың бірін таңдай отырып мүше болуға және студенттік өмірді жандандырып, жаңашылдық енгізіп, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына мүмкіншіліктер өте көп.

Студенттік сенаттың құрамына: Студенттік сенатор, сенатор орынбасары, кафедра кординаторлары, академиялық топ старосталары, клубтар мен сектор жетекшілері және белсенділер бар. Жыл сайын Студенттік сенат аталған лауазымға жаңа студенттерді қабылдайды. Олар міндетті түрде ауызша сұхбат пен іріктеуден өтеді.

Бәуенов Құрманбек Досболатұлы

Телефон: 8 707-279-72-04

e-mail: kurmanbek_bauenov@mail.ru

Instagram: kurmanbek_404

Instagram: fe_otbasy