Факультет тарихы

Факультет тарихы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті 1978 жылы ақпан айында құрылып, «Химия –биология» мамандығына 50 студент қабылданды. 1986 жылы «Химия – экология» мамандығы ашылған.

Қазіргі таңда профессор – оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігі 50% құрайтын факультетте 60 профессор-оқытушылар 1000 астам білім алушыларды бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру мақсатында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Факультетте сапалық құрамы талапқа сай жоғары білікті профессор-оқытушылар қызмет жасайды, оның ішінде 1 – ғылым докторы, 28 – ғылым кандидаттары, 1  – PhD доктор, 24 – магистрлер. Штаттағы оқытушылар үлесі – 95% құрайды.

Факультет құрамында 3 кафедра бар:

  • Биология;
  • Экология;
  • Химия және химиялық технология.

Биология кафедрасының  (Кеубасова Г.У.) және Экология кафедрасының оқытушылары (Жаппарова Б.К.) халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды және шетел университеттерінде (Швейцария, Нидерланды, Ұлыбритания) біліктіліктерін арттырды.

Факультеттегі оқу үдерісін жоғары білікті мемлекеттік және ведомосттық марапаттары бар профессор-оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде «Құрмет белгісі» – 1, ҚР БҒМ «Құрмет грамотасы»  – 4,  «ҚР Білім берудегі Үздік»  құрмет атағы – 1, «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі – 1, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік стипендиясының иегерлері-3, атаулы төсбелгі иегерлері – 17, Ақтөбе облысы әкімінің «Жас ғалым» жүлдегері – 2.

Факультеттің 3 оқытушысы «ЖОО Үздік оқытушысы» атағына ие болды:

  1. Казкеев Е.Т. (2009);
  2. Имангалиева Б.С. (2014);
  3. Махамбетов М.Ж. (2017).

2017-2018 оқу жылында сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 39 студент пен  2 магистрант оқыды.

Факультетте халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу белсенділігі, шетелдік студенттерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Химия мамандығы бойынша тіл оқу бағдарламасы негізінде Синьзянь Қаржы экономикалық университетіне (ҚХР) 3 курс студенті Кенжетаева Айгерим және Литва Республикасы Каунас қаласынадағы Витаутас Магнус Университетіне 3 курс студенті Досжанов Жанкелді;

Экология мамандығы бойынша 3 курс студенттері тіл оқу бағдарламасы негізінде Урумчи Шанхай Ханьчжоу жазғы лагерьге (ҚХР) Исмагулова Лунара, Синьзянь Қаржы экономикалық университетіне (ҚХР) Жумабаева Құндыз және Литва Республикасы Каунас қаласынадағы Витаутас Магнус Университетіне Қалмағамбетова Лаула;

Биология мамандығы бойынша Синьзянь Қаржы экономикалық университетіне тіл оқу бағдарламасы (ҚХР) 2 курс студенті Ғалым Болат жіберілді.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі АБ №0137431 сериясымен берілген АБ №13014680 лицензиясы негізінде факультетте жоғары білімнің 3 бағыты бойынша: «Білім» (2 мамандық), «Жаратылыстану ғылымдары» (3 мамандық), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (2 мамандық) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  4   мамандығы  (магистратура) бойынша жоғары білікті кадрларды  даярлауды жүзеге асырады

Бакалавриат мамандықтары бойынша:

  • 5В011200 – Химия;
  • 5В011300 – Биология;
  • 5В060600 – Химия;
  • 5В060700 – Биология;
  • 5В060800 – Экология;
  • 5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы.

Магистратура мамандықтары бойынша:

  • 6М011300– Биология (ғылыми және педагогикалық бағытта – 2 жыл, бейіндік бағытта – 1,5 жыл);
  • 6М060700 – Биология (ғылыми және педагогикалық бағытта – 2 жыл, бейіндік бағытта – 1,5 жыл);
  • 6М060800 – Экология (ғылыми және педагогикалық бағытта – 2 жыл, бейіндік бағытта – 1,5 жыл);
  • 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы (ғылыми және педагогикалық бағытта – 2 жыл, бейіндік бағытта – 1,5 жыл).

2017 – 2018 оқу жылында факультет құрлымына «Экотоксикология және қоршаған орта нысандарын бақылау» оқу – ғылыми зертханасы, «Микробиология және биотехнологияның қазіргі мәселелері» оқу – ғылыми зертханасы және  «STEM» инновациялық білім беру орталығы кіреді.

Студенттермен тәрбие жұмыстарын  және оқу үрдісін ұйымдастыру үшін факультетте арнайы жабдықталған жеткілікті материалдық-техникалық база бар.

Факультеттің материалдық – техникалық базасы 64 аудиториядан тұрады. Олардың ішінде дәріс – 2, аудиториялар – 20, оқу зертханалары – 8, оқу-әдістемелік кабинеттер – 3 және 2 оқу-ғылыми зертхана.

Мемлекеттік білім грантын иеленушілердің саны 284 білім алушыларды (жалпы контингенттен 27%) құрайды.

5В011200-Химия, 5В011300- Биология мамандықтарында «Серпін» бағдарламасы бойынша 62 адам оқиды (Оңтүстік Қазақстан облысында – 20, Қызылорда – 15, Маңғыстау – 10, Жамбыл – 3 және Алматы облысында – 2 студент білім алуда).