7М07102 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Шифр – мамандықтың атауы:

7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (Сертификат №АВ 115805.12.2016 ж.).

Оқу түрі, мерзімі:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;

Берілетін дәреже:

7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология ғылымдарының магистрі (ғылыми- педагогикалық бағыт, 2 жыл);

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:

  • ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша: ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару ұйымдары; білім мекемелері; жоғары, орта-кәсіптік және орта оқу орындары; жобалау ұйымдары; мұнай-газ өндірісінде; химия және мұнайхимиясы өндірісінде; полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде, өндірістік мекемелер және басқалары;
  • бейіндік дайындық бағыты бойынша: мемлекеттік басқару ұйымдары; жобалау ұйымдары; химия және мұнайхимиясы өндірісінде; полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде; өндірістегі сараптама жүргізу; өндірістік мекемелер және басқалары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:

ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:

  • білім мекемелері;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.

бейіндік дайындық бағыты бойынша:

  • өндірістегі технологиялық процесстерді басқару;
  • мұнайхимия өндірісі;
  • мұнайгаз өндірісі;
  • химия өндірісі;
  • полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде;
  • пластмасса өндірісі;
  • өндірістік мекемелер;
  • мұнай, экология, химиялық сараптама лабораториялары;
  • энергетика нысандары.

Кәсіби қызметінің пәні:

Мұнай өңдеудегі физика-химиялық талдау, мұнай өңдеудің екіншілік процесстердің теориялық негіздері, органикалық синтездін теориялық негіздері, табиғи энергия тасымалдағыштарды және көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиялары, мұнай-газ өңдеу өндірісінде автоматтандыру және басқару, химия өнеркәсібіндегі жоспарлау, мұнай өңдеу және мұнайхимиясының инновациялық технологиялары, органикалық заттар технологиясының даму перспективалары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу
  • жобалық-өндірістік
  • әкімшілік-өндірістік
  • педагогикалық.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Химия және химиялық технология кафедрасы, «Актобенефтепереработка» ЖШС, «АЗХС» АҚ, «Гидроэкоресурс» ЖШС, «Гидроэкоресурс» ЖШС.