Биология кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Биология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кафедра миссиясы – Биология ғылымдарының салалары бойынша алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу, білім беру және әдістемелік орталықты  қалыптастыру.

Оқу қызметі

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, мамандардың  сапалы дайындығы үшін оқу-әдістемелік құжаттар: пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, лекциялар мен практикалық оқу әдістемелік нұсқауларын, әдістемелік құралдарды әзірлеп, жыл сайын жаңартып отырады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы төмендегідей оқу құралдарын дайындады:  

  1. Айпеисова С.А., Конспект флоры Актюбинского флористического округа, оқу құралы, 2012
  2. Айпеисова С.А., Флора Актюбинского флористического округа, оқу құралы, 2012
  3. Изимова Р.И. (авторлармен бірге), Биогеография, оқу құралы, 2012
  4. Изимова Р.И., Микробиология және вирусология негіздері, оқу құралы, 2014
  5. Базарғалиева А.А., Өсімдіктер анатомиямы мен морфологиясы, оқу құралы, 2017
  6. Адманова Г.Б., Биологияға кіріспе, оқу құралы, 2017
  7. АдмановаГ.Б., СаримбаеваБ.Б. «Цитология және гистология пәнінен практикалық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмыстары», практикум, 2017
  8. Изимова Р.И., Биогеография экология негізімен I-II- бөлім, оқу құралы, 2018
  9. Изимова Р.И., Микробиология және вирусология негіздері, оқу құралы, 2018
  10. Базарғалиева А.А., Мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғауды ұйымдастыру, әдістемелік нүсқаулық, 2018ж;
  11. Бисалиева Р.Н., Клетка биологиясы, әдістемелік нұсқаулық, 2018 ж;
  12. Изимова Р.И., Каирова А.Т., Адам және жануарлар физиологиясы, оқу көрнекілік құралы, 2018 ж ;
  13. Moldekova I. Zh., Ataeva G. M., Course of lectures on the discipline of genetics, 2018 ж;
  14. Калиева А.К., Микробиология, практикум, 2019 ж;
  15. Каирова А.Т., Агадиева М.С., “Адам анатомиясы” практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық, 2018 ж;
  16. Калиева А.К., Адманова Г.Б., Өсімдіктер биотехнологиясы, дәрістер жинағы, 2019 ж;
  17. Moldekova I. Zh., Ataeva G. M., Structural botany, 2019 ж;
  18. Бисалыева Р.Н., Гистология және эмбриология негіздері, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық, 2020ж
  19. Молдекова И.Ж., Guidelines for exercises on the subgect of genetics, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық, 2020ж
  20. Абдукаримов А.М., Ауыл шаруашылығы зиянкестері, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық,  2020ж
  21. Сырымбетов С.Т., Эволюционное учение, учебно-методическое пособие, 2021
  22. Moldekova I. Zh., Guidelines for practical exercises on the subject of Biology of development and reproduction, 2021
  23. Moldekova I. Zh., Guidelines for practical exercises on the subject of Biology of individual development, 2021
  24. Moldekova I. Zh., Guidelines for practical exercises on the subject of Biodiversity of plants, animals and microorganisms, 2021
  25. Изимова Р.И., Каирова А.Т., Анатомиялық анықтама, оқу көрнекілік құралы, 2021
  26. Изимова Р.И., Жоғары жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы, дәрістер жинағы, 2021
  27. Қуанбай Ж.І, Молекулалық биология, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық, 2021
  28. Адманова Г.Б., Ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістемесі, дәрістер жинағы, 2021
  29. Бисалыева Р.Н., Жеке даму биологиясы, оқу құралы, 2021
  30. Бисалыева Р.Н., Гистология және эмбриология негіздері, дәрістер жинағы, 2021
  31. Бисалыева Р.Н., Клетка биологиясы, оқу құралы, 2021
  32. Атаева Г.М., Атлас определитель высших растений, оқу құралы, 2021
  33. Семенихина С.Ф.,Методика преподавания биологии, оқу құралы, 2021
  34. Адманова Г.Б. Биотехнология негіздері, дәрістер жинағы, 2022
  35. Абдукаримов А.М., Ихтиология, Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  36. Базаргалиева А.А., Саржігітова А.Т., Өсімдіктер анатомиясы, морфологиясы және систематикасы, Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  37. Молдекова И.Ж., Guildelines for practical exercises on the subject of Molecular biology, Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  38. Молдекова И.Ж., Guidelines for practical exercises on the subject of Physiological bases of plant growth and development, Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  39. Атаева Г.М., Геоботаникалық зерттеулердегі фенологиялық бақылаудың әдістемесі, оқу құралы, 2022
  40. Бисалыева Р.Н., Оқушылардың физиологиялық дамуы, оқу құралы, 2022
  41. Атаева Г.М., Даму биологиясының қолданбалы акпектілері, , оқу құралы, 2022
  42. Калиева А.К., Карнеева Ж.А., Өсімдіктер биотехнологиясы, Практикалық және өзіндік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  43. Агадиева М.С., Саржігітова А.Т., Сәнді көгалдандыру және ландшафт негіздерін ұйымдастыру негіздері, Практикалық және өзіндік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық, 2022
  44. Ещанова Г.Ж., Жылыжай шаруашылығы, Дәрістер жинағы, 2022

Сонымен қатар дуалды оқыту элементтерін білім беру процессіне енгізу мақсатында жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып білім беру бағдарламаларына элективті курстар енгізілді: «Сәндік көгалдандыру, ландшафт жұмыстарын ұйымдастыру негіздері», «Кәсіби биолог мамандардың дайындаудың әдістемесі» (Қалалық жас натуралистер станциясы);  «Ақтөбе облысының орман шаруашылығы», «Ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру негіздері» (Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесі); «Орман биологиясы», «Орман парктік шаруашылығы»  (Қазақстан орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институты-Батыс Қазақстан филиалы); «Гүл шаруашылығы негіздері», «Сәндік өсімдіктердің биоалуантүрлілігі» (Биология кафедрасы); «Өсімдіктану, жертану, топырақтану агрохимия негіздері» (Ақтөбе ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы), «Жеміс-көкөніс шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы», «Көшеттік материалдарды өсірудің заманауи технологиялары», «Жылыжай шаруашылығы», «Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен» (Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық коледжі), «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасы» (Ырғыз-Торғай МТР);   «Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын оқыту әдістемесі» (Ғ.Ақтаев атындағы №6 ОМ); «ДМШ балаларға арналған инклюзивті білім беру негіздері» (Новый орта мектеп-лицейі); «Ауылшаруашылығы фитопатологиясы» (Аймақтық карантиндік зертханасы); «Мектепте биологиялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі» (№27 МЛ).

2020-2024 жылдарға арналған 6В01505 – Биология, 6В05101 — Биология, 6В05102 –Биотехнология, 7М05101-Биология білім бағдармаларына келесідей пәндер ұсынылды: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту теориясы, Жаңа білім беру теориясы мен практикасы (№69 жалпы білім беретін мектебі); Биологияны оқыту процесін интернационалдыру (Новый орта мектеп-лицейі); Ихтиология және балық шаруашылығы, Герпетология  (Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты);   Ауылшаруашылық зиянкестері, Орман энтомологиясы (Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы); Териология (Ақтөбе қалалық жас натуралистер станциясы);   Биотехнология өнімдерін бөліп алу және тазарту («ТК Фарм Актобе»);   Абаттандыру және көгалдандыру, Ландшафттық фитодизайн негіздері (Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институты Батыс-Қазақстан филиалы); Дендрология негіздері, Жасыл кеңістікті түгендеу (Ақтөбе орман шаруашылығы).

Қазіргі танда дуалды элементтерді жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе жоғарғы ауылшаруашылық колледжі, «Биологияны оқыту әдістемесі» (К.Сәтпаев атындағы орта мектеп-лицейі), «Кәсіби биолог мамандар дйындаудың әдістемесі» (Қалалық жас натуралистер станциясы), «Методика подготовки биологов-специалистов» (Қалалық жас натуралистер станциясы), «Орман биологиясы»  (Ақтөбе облысының орман шаруашылығының тәлімбағы),  «Жаңартылған білім бағдарламасындағы критериальды бағалаудың әдістемесі» (№69 жалпы білім беретін орта мектеп), «Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын оқыту әдістемесі» (К.Сәтпаев атындағы орта мектеп-лицейі)  мекемелерінде  практикалық сабақтар өтілуде.

Үштілділік бағдарламасын іске асыру үшін 5В011300-Биология мамандығында ағылшын тобы ашылып, оқу үрдісіне ағылшын тіліндегі элективті курстар енгізілген.

Білім алушылардың оқу, педагогикалық және өндірістік практикаларын ұйымдастыру бағытында келесідей практика базаларымен келісім шартар жасалған: Ақтөбе қаласының білім беру басқармасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы»,  «Ырғыз-торғай мемлекеттік табиғи резерваты», «Жас натуралистер станциясы», «Фитосанитария», «Ақтөбе орман шаруашылығы», «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық орталығы», «Ақтөбе облыстық обаға қарсы станциясы», ЖШС «Гигиенист», ЖШС «Фарм Актобе», ЖШС «Агрофирма-Тау» және т.б.

                         

6В05102 –Биотехнология ББ студенттері оқу жоспарына сәйкес ЖШС «ТК Фарм Актобе»,  «Агрофирма-Тау», «Гигиенист»  өндіріс орталықтарынан өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практика негізгі мақсаты студентердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу процесіне интерактивті тәсілдер мен креативтік оқыту бойынша пресс–конференциялар, дөңгелек үстел, пікірталас пен дисскусиялар, шығармашылық тапсырмаларды, Блум таксономиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданады. Оқытушы, магистр Б.Б.Саримбаева университет оқытушыларының арасында өткен «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауында «Оқытуда қолайлы жағдай жасау» номинациясы бойынша марапатталса, аға оқытушы, магистр И.Ж.Молдекова «Әдістемелік жобалар» байқауына қатысып жүлделі 1-ші орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларын оқытудың тиімділігі курсы бойынша алған білімдерімен және көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін талдау, пікіралмасу мақсатында профессор-оқытушылар құрамымен және кафедраның филиалы болып табылатын Новый орта мектебінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен «Биологияны оқытудың жаңа тәсілдері» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ университет деңгейінде «Үш тұғырлы тіл саясаты негізінде болашақ педагог мамандарды дайындаудың әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

2017-2018 оқу жылында  «Биологиялық пәндерді оқытудағы  инновациялық технологиялар-білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық  технологиялар,  ғылым  жетістіктеріне негізделген әдістер», «Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру- сапалы білім кепілі» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті, жас педагог мектебі тәлімгерлерінің «Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі» тақырыбындағы әдістемелік семинары, «Биологияны оқытудың жаңа тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Сонымен қоса Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында  «Үйрен-бөліс» жобасы жүзеге асуда студенттер сабақтарға, коучингтерге қатысып, жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасау мен ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, тағылымдамадан өтуде.

Ұлыбританияның Лондон қаласынан  келген ғылыми қызметкерлер, PhD докторлар  Соня Рего (Лондон гигиена және тропикалық медицина университтеті) және Мэт Кушнер (Алан Туран атындағы Лондон университеті)  “team-teaching technique” әдісімен студенттерге ағылшын тілінде трениг өткізді.

2018-2019 оқу жылында кафедрада  «Оқыту үдересінде цифорлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» және биология кафедрасының филиалы Новый орта мектеп-лицей базасында  «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы onlain ресурстарының мүмкіндігі», «Үш тұғырлы тіл саясаты негізінде болашақ педагог мамандарды дайындаудың әдістемесі»,  «Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» тақырыптарында  әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Семинарға келесідей кафедра филиалдарының өкілдері қатысты: «Новый  орта МГ», «Ақтөбе гуманитарлық колледжі».

2019-2020 оқу жылында кафедрада «Оқу процесіне дуальды оқыту жүйесі элементтерін қолданудың тәжірибесі» «Жылыжай жағдайында көшет материалдарын дайындау және өсімдіктерді күтіп баптау», «Жаңартылған білім беру мазмұнында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағыттары» (ZOOM платформасында) әдістемелік семинарлар өтіп кафедраның  келесідей филиалдарының өкілдері қатысты: №69 ЖББОМ, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп (Ойыл ауданы).

2020-2021 оқу жылында кафедра филиалдарымен бірлесіп “жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді оқытудың желілік технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру жолдары”, “білім беру ұйымдарында жаратылыстану-ғылыми пәндер циклін қашықтықтан оқыту мәселелері”, “қашықтықтан оқыту жағдайында ЖОО-да жаратылыстану-технологиялық және педагогикалық бағыттар бакалаврларын даярлаудың заманауи мәселелері”тақырыбында онлайн семинарлар өтті.

 

       

2021-2022 оқу жылының 14-сәуір күні «Ғылым айы» аясында Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасында үйірме жетешісі Г.У. Кеубасованың ұйымдастыруымен «Жас маман» үйірмесінің кезекті отырысы өтті. «Жас мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыру» мақсатында үйірме мүшелері мен кафедра оқытушыларына арнап семинар – тренинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Биология кафедрасының аға оқытушысы, “Өсімдіктер әлемі” үйірмесінің жетекшісі М.С.Агадиеваның ұйымдастыруымен “Бөлме өсімдіктерінің алуантүрлілігі және күтімі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында “Биология” мамандығының студенттері Насибуллина Динара, Қаупбаева Мерейім, Төреғалиева Ғазиза, Ечимова Гүлдана, Бақытжан Дәулетхан тақырып аясындағы өз баяндамаларын оқыды.

2021 жылдың 3 қараша күні б.ғ.к., доцент Г.М.Атаеваның ұйымдастыруымен 7М05101 – Биология және 7М01505 – Биология білім бағдарламаларының 2 курс білім алушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарының есебі бойынша «Қазіргі заманғы биология бағытындағы білім мен ғылымның проблемаларын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

 

 

 

 

2022 жылдың 10 наурызында Биология кафедрасының әдістемелік жұмыстар жоспарына сәйкес, кафедраның әдістемелік секция жетекшісі Р.Н.Бисалыеваның ұйымдастыруымен «Болашақ биолог мамандардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кафедраның әдістемелік секция жетекшісі Р.Н.Бисалыева биолог маманды даярлауда берілетін басымдықтарды, әсіресе кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру үшін практик мамандардың тәжірибесіне сүйену керектігін айтып өтті.

    

2022-2023 оқу жылында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Биология кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы және қала мектеп мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру және қалыптастыру» семинары өткізілді.Кафедраның қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. С.Ф.Семенихина «Жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру және жоспарлау» және “Заманауи биология сабағы: инновация және талаптар” тақырыбында баяндамасын жасады.

   

2022-2023 оқу жылында биология кафедрасының аға оқытушылары Ж.І. Куанбай , Р.Н. Бисалыеваның ұйымдастыруымен кафедраның әдістемелік жоспары мен филиал жұмысының жоспарына сай биология кафедрасының филиалы болып табылатын Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебі және №51 гимназия биология пәні мұғалімдері, биология кафедрасы оқытушылары және 6В01505-Биология ББ 3 курс білімгерлерінің қатысуымен “Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу” тақырыбы аясында әдістемелік семинар өтті.  Ағымдағы оқу жылының 09 ақпанында биология кафедрасының әдістемелік жұмыстар жоспарына сәйкес «Білім берудегі инновациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында пәндік жоба сайысы өткізілді.

 

2022-2023 оқу жылында шетелдік мамандарды білім беру қызметіне тарту мақсатында  2022 жылғы 06-18 қараша аралығында “Биология” кафедрасы биология ғылымдарының докторы, профессор Куприянов Андрей Николаевич (Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімі) шақырылды. Жоба барысында “Халықаралық басылымдардағы жарияланымдар: өзекті тақырыптар, ғылыми жаңалық және мазмұн” тақырыбында семинар-практикум, “Өсімдіктер систематикасы мәселелері: ботаникалық түр” пәні бойынша дәріс және практикалық сабақтар, “Заманауи ботаникалық зерттеулердің әдіснамасы” тақырыбында шеберлік сабақтар  өткізілді, гербарий қорымен жұмыс жасалды.

                     

2022-2023 оқу жылында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында «Биология» кафедрасына Түркия мемлекетіндегі Памуккале университеті Жаратылыстану факультеті Биология бөлімінен онлайн дәріс оқуға шақыртылған ғалым PhD доктор Рефика Джейда Берам оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге «Presentation about early diagnosis methods» тақырыбында мастер класс өткізді. Аталмыш шара барысында ғалым өсімдіктердің ауруларын, оларды тудыратын патогенді микроорганизмдерге сипаттама бере отырып, оларды ерте кезеңде анықтаудың әдістерін, қолданылатын құрал-жабдықтарды, әдістердің тиімділігі мен ұзақтығын, өсімдік фитопатогендерімен зертханада жұмыс жасаудың ережелерін талдады. Өсімдіктердің аурулары туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының барысын түсіндіріп, оқытушылар мен білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

         

Биология кафедрасының доценті С.Ф. Семенихина 3.03.23 жылдан 12.03.23 жылға дейін Быдгощ қаласында (Польша) Erasmus+, “РИТА” жобасы – “Польша-Қазақстан өңірлік қауіпсіздік және құтқару оқыту орталығы” халықаралық бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Жобаны Спорт және құтқару орталығы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп жүзеге асырылды.

            

Биология кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген жаппай ашық онлайн курстары:

  1. Изимова Р., Микробиология және вирусология, 2020
  2. Калиева А.К., Микробиология, 2020
  3. Каирова А.Т., Оқытудағы жаңа тәсілдер, 2021
  4. Бисалыева Р.Н., Гистология және эмбриология негіздері, 2021
  5. Бисалыева Р.Н., Жеке даму биологиясы, 2021
  6. Семенихина С.Ф., Новые подходы в обучении, 2021
  7. Қуанбай Ж.І., Генетика, 2021
  8. Адманова Г.Б., Бисалиева Р.Н. “Тыныс алу физиологиясы. 2023
  9. Ещанова Г.Б. “Жылыжай шаруашылығы”, 2023
  10. Адманова Г.Б. “Биотехнология негіздері”, 2023
  11. Бисалиева Р.Н. “Оқушылардың физиологиялық дамуы”, 2023

Биология кафедраның профессор-оқытушылар құрамы дайындаған электронды оқулықтары :

  1. Адманова Г.Б., Биотехнология негіздері, 2020
  2. Адманова Г.Б., Биологияға кіріспе, 2020
  3. Изимова Р., Адам анатомиясы, 2020
  4. Бисалиева Р.Т., Клетка биологиясы, 2020
  5. Адманова Г.Б., Бисалиева Р.Н. “Тыныс алу физиологиясы. 2023

Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес кафедраның аға оқытушысы, магистр Г.О.Кеубасова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияның Montreux School of Business «Педагогикалық диагностика. Білім сапасын бағалау және бақылау» курсын білім сапасын тануды дамыту мақсатында өтті.

Сондай-ақ қатар кафедрада студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық жұмыстары қарқынды түрде алға қойылған. 2012 жылдан бастап биология мамандықтарының студенттері сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен жоғары оқу орнындарына жіберіледі: ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  – Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті; сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша – Пекин педагогикалық университеті (Қытай), Теннеси техникалық университеті (АҚШ), Витаутас Магнус университеті (Литва), Башқұр мемлекеттік университеті (Башқұртстан). Тонмень университеті (Оңтүстік Корея), Сакария университеті (Түркия), Кастамону университеті (Түркия).

Сонымен қатар, кафедрада 5В011300-Биология мамандығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты және Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студентер оқытылды.

2019 – 2020 оқу жылында  биология білім беру бағдарламасының  студенттері «Білім көкжиегі», «Мәулана» бағдарламасы бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен  Хаджеттепе университеты (Түркия), Витаутас Магнус Университеті (Литва) және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне барып оқып келді.

2018-2019 оқу жылында 6М060700-«Биология» мамандығының 2 магистранттары Мырзалиева Акнур мен Маймакова Асыл  Түркия мемлекетінің Сакария қаласындағы Сакария университетінде, 6М011300-Биология  мамандығының 1 магистранттары Шалқар Гульжанат,  Ташигул Нұржан Түркия мемлекетінің Костамону қаласындағы  Кастамону университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша   білім алып келді.

2021-2022 оқу  жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6В05102-Биотехнология ББ 2, 3 курс білім алушылары Қуан А.А мен Утешова А.А Польша Республикасының Слупск қаласындағы Поморская Академиясында, 6В01505-Биология мамандығының 3 курс білім алушысы Исағали Аружан Түркия мемлекетінің Костамону университетінде, ішкі академиялық ұтқырлық аясында Қазақстанның университеттерін 6В01505-Биология мамандығының 3 курс білім алушысы Төлегенова Айғаным М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, 6В05102-Биотехнология мамандығының 3 курс білім алушылары Маратқызы А., Мұратқызы А., Шегілтекова Ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алып келді.

            

             

2022-2023 оқу жылының  І жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білімде 6В05102-Биотехнология мамандығының 3 курс білім алушылары Бердібекова Гүлфайруз, Қазиева Әсел, Күзембаева Нұрсулу Алматы технологиялық университетінде, 6В05101-Биология мамандығының 3 курс білім алушылары Нұрлашұлы Дархан мен Асқарқызы Элеонора С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білімдерін жетілдірді. 2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығында Жаратылыстану факультеті, Биология кафедрасының 7М01505-Биология ББ 1 курс магистранты Еркинбаева Асем мен 6В01505-Биология ББ 3 курс білім алушысы Дәкен Назерке Түркия мемлекетінің Кастамону қаласындағы Кастамону университетіне, 6В01505-Биология мамандығының 3 курс білім алушысы Ечимова Гүлдана Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы Хаджеттепе университіне, 6В05102-Биотехнология ББ 3 курс білім алушысы Сайлаубай Аяулым Түркия мемлекетінің Чанаккале қаласындағы Чанаккале Он Секиз Март университетіне 1 семестрге,  грант негізінде білім алды.

Кафедрада оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін М.Өтеміс атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінен б.ғ.к., доцент Г.А.Бимағамбетова,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен б.ғ.к., доцент У.К. Бисенов келіп, 2, 3 курс студенттері мен 1 курс магистранттарына дәріс оқыды.

Сонымен қатар келесідей оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Республикалық және халықаралық деңгейде   ЖООда дәріс оқып келді: м.ғ.к. доцент Изимова Р.И.( Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті); б.ғ.к. доцент Атаева Г.М. (Жәнгірхан атындағы Батыс Қазақсатан агро-техникалық университеті); п.ғ.к, доцент Семенихина С.Ф. (Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті).

Биология кафедрасының 2020-2021 оқу жылына арналған стратегиялық жоспарына сәйкес сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында кафедраның оқытушылар құрамы шетелдік және бірқатар Қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп онлайн режимде 6В01505, 6В05101, 7М05101-Биология, 6В05102-Биотехнология бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізді:

  1. п.ғ.к., доцент С.Ф. Семенихина – Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті «Жаратылыстану және экономика» институтының директоры «Ботаника және зоология» кафедрасының доценті, б.ғ.к. С.Н.Рябцов және б.ғ.к., доцент Е.Е.Елинамен;
  2. б.ғ.к., доцент Г.М. Атаева – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Жаратылыстану» институты «Биология, география және химия» кафедрасының доценті, б.ғ.к. А.Т.Байкенжеевамен;
  3. магистр, аға оқытушы А.М.Абдукаримов – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар» факультеті «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Карменовамен;
  4. б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова – Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасының доценті, а/ш.ғ.к. Г.Б.Алпамысовамен;
  5. магистр, аға оқытушы А.Т.Каирова – Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ғ.И.Исаевпен;

6. магистр, аға оқытушы Ж.І.Қуанбай – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Биология» кафедрасының доценті, б.ғ.к. Г.К.Зияевамен.

2021-2022 оқу жылында  ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедраның келесідей оқытушылар құрамы Қазақстандық жоғары оқу орындарында:

  1. «Биология» кафедрасының доценті, м.ғ.к. Р.И.Изимова Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В01509 – Биология білім бағдарламасының 2 курс білім алушыларына «Микробиология және вирусология негіздері»  пәнінен;
  2. Б.ғ.к. А.А. Базарғалиева С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті 7М01505-Биология мамандығының 1- курс білім алушыларына «Жоғары мектепте биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен;
  3. Ж.ғ.м Н.К.Кемалова Алматы технологиялық университетінің 6В07501-Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының 2 курс білім алушыларына «Микробиологическая экспертиза» пәнінен;
  4. Аға оқытушы Г.У. Кеубасова Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 6В01505– Биология білім бағдарламасының 3курс білім алушыларына «Биологияны оқыту әдістемесі»  пәнінен;
  5. Б.ғ.к А.К.Калиева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 6В05102 -Биотехнология білім бағдарламасының 2 курс білім алушыларына «Микробиология» пәнінен;
  6. Аға оқытушы Б.Б. Саримбаева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 6В01505 – Биология білім бағдарламаларының 2-3 курс білім алушыларына «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінен онлайн режимде дәріс сабақтарын өткізді.

       

2022-2023 оқу жылының II жартыжылдығында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстандық жоғары оқу орындарында онлайн режимде дәріс және практикалық сабақтар өткізді:

  1. “Биология” кафедрасының доценті, м.ғ.к. Р.И. Изимова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В01509-Биология білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне “Микробиология және Вирусология негіздері” пәні бойынша;
  2. Кафедраның аға оқытушысы С.Т.Сырымбетов Алматы технологиялық университетінің 6В01505 “Биология” білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі” пәні бойынша;
  3. Кафедра оқытушысы Б. Бақытжанқызы 6В07501-Алматы техникалық университетінің стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының 2 курс білім алушыларына “Тамақ өнімдерін микробиологиялық бағалау” пәні бойынша дәріс оқыды.

Ғылыми жұмыстар:

Кафедраның ғылыми бағыттары:

  1. «Создание конкурентоспособных сортов яровой, озимой пшеницы и тритикале, стабильно формирующих высокую урожайность и качество зерна, устойчивых к неблагоприятным факторам среды для различных агроэкологических зон Казахстана» – жетекшісі: а/ш.ғ.д., профессор И.Г.Цыганков.
  2. «Қоршаған орта объектілерінің санитарлы-микробиологиялық зерттеулері» – жетекшісі: м.ғ.к., доцент Р.Изимова.
  3. «Ақтөбе облысындағы сирек түр Crambe tataria Sebeok әр түрлі популяцияларындағы анатомиялық-морфологиялық және генетикалық ерекшеліктері» – жетекшісі: б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева.
  4. «Лакто- және бифидумбактериялардың микробиологиялық параметрлері» – жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова.
  5. «Ферменттер продуценттердің селекциясы» – жетекшісі: б.ғ.к., оқытушы А.К.Калиева.
  6. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасын зерттеу» – жетекшілері: магистрлер, аға оқытушылар Сырымбетов С.Т., Абдукаримов А.М.
  7. «Современные аспекты здоровьесберегающих технологии» – жетекшісі: м.ғ.к., доцент Р.С.Темиркулова.
  8. «Ақтөбе популяциясындағы көшім және мұғалжар жылқы тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері мен селекциясы» – жетекшісі: а.ш.ғ.к., Рзабаев С

2020 жылдың мамыр айынан бері  Жұбанов университетінің қаржыландыруымен «Ашық және қорғалған топырақта отандық селекциялық қияр сорттарын өсірудің технологиясы» (Жетекшісі: б.ғ.к., доцент А.А.Базаргалиева) ғылыми – инновациялық жобасы жүргізілуде.

Жобаның мақсаты – Ақтөбе облысының ашық және қорғалған топырақ жағдайында отандық қияр сорттарының өсуін, өніміділігі мен сапасын бақылау.

Халықаралық және Республикалық жоғары оқу орындарымен байланыстар

  1. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей Федерациясы;
  2. Витаус, Магнус университеті, Литва Республикасы;
  3. Синьцзян университеті, Китай;
  4. Вавилов атындағы Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу өсімдік институты, Ресей Федерациясы;
  5. Кастамону университеті, Түркия университеті;
  6. Сакария университеті, Түркия университеті;
  7. Өсімдіктер және жануарлар генофонды институты, Өзбекстан Республикасы;
  8. Қазан федеральді университеті, Ресей Федерациясы;
  9. М.Акмулла атындағы Башқұр мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей Федерациясы;
  10. Хаджэттэпэ университеті, Түркия Республиасы;
  11. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  12. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
  13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  14. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті;
  15. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
  16. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
  17. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
  18. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
  19. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
  20. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті;
  21. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
  22. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Монографиялар:

  1. Атаева Г.М. – Сезонная динамика биологической продуктивности основных ассоциаций степей Западного Казахстана, 2016.
  2. Айпеисова С.А. – Редкие и исчезающие растения Актюбинской области, 2011.
  3. Айпеисова С.А. – Влияние выпаса на семенное возобновление пастбищной растительности пустынной зоны (Южное Прибалхашье), 2013.
  4. Базаргалиева А.А. – Қобда өзені аңғарының табиғи флорасын талдау, 2005.
  5. Казкеев Е.Т. – Ақтөбе облысының флорасы және өсімдіктері (Ырғыз жайылымы), 2013.
  6. Махамбетов М.Ж.- Оценка процессов восстановления деградированных экосистем Атырауской област, 2017
  7. Изимова И.Р.  – Адам плацентасын іріңді хирургияда қолдануды микробиологиялық және иммунологиялық негіздеу, 2020.
  8. Адманова  Г.Б. – Биотехнологические аспекты создания консорциумов микроорганизмов для производства молочных продуктов, 2021
  9. Izimova R. – Microbiology and immunology of the barrier function of the human placenta, 2021
  10.  Утарбаева Н.А.- Ақтөбе қаласының урбанофлорасы, 2021
  11. Калиева А.К. – Пектинлиаза ферменттерінің биосинтезі, 2022

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының зерттеулер нәтижесінде алынған патенттер мен авторлық куәліктер:

  1. Патент РК № 408, «Пшеница твёрдая яровая Наурыз 6» – Цыганков В.И., 2014.
  2. Патент РК № 480, «Пшеница мягкая яровая Степная 75» – Цыганков В.И., 2014.
  3. Патент РК № 481, «Ячмень яровой Илек 20» – Цыганков В.И., 2014.
  4. Патент РК № 482, «Просо посевное Яркое 5» – Цыганков В.И., 2014.
  5. Патент РК № 498, «Пшеница твёрдая яровая Салауат» – Цыганков В.И., 2014.
  6. Патент РК № 681, «Пшеница мягкая яровая Степная 51» – Цыганков В.И., 2016.
  7. Патент РК № 682, «Просо посевное Яркое 7» – Цыганков В.И., 2016.
  8. Патент РК № 683, «Пшеница твёрдая яровая Каргала 71» – Цыганков В.И., 2016.
  9. Патент РК № 756, «Пшеница мягкая яровая Степная 53» – Цыганков В.И., 2017.
  10. Патент РК № 759, «Просо посевное Яркое 6» – Цыганков В.И., 2017.
  11. Патент РК№327, «Пшеница мягкая яровая Актобе 39» – Цыганков И.Г., Исабаев С.Я., 2013.
  12. Патент РК №328, «Пшеница мягкая яровая Степная 2» – Цыганков И.Г., Исабаев С.Я., 2013.
  13. Патент РК №329, «Пшеница мягкая яровая Степная 50» – Цыганков В.И., 2013.
  14. Патент РК №330, «Пшеница мягкая яровая Степная 60» – Цыганков И.Г., Исабаев С.Я., 2013.
  15. Патент РК №331, «Пшеница мягкая яровая Степная 62» – Цыганков И.Г., Исабаев С.Я., 2013.
  16. Адманова Г.Б. – «Консорциум молочнокислых бактерийLactobacillusacidophilus M-3, Lactobacillus acidophilus ББ-15, Lactobacillus bulgaricus ГМ-8,Авторлық куәлік №48798, «Lactococcus lactis K-8 и дрожжей Torulopsis kefyr var kumis 23,  используемый для получения кумыса и шубата» – Адманова Г.Б., 2004.
  17. Авторлық куәлік №53220, «Лиазды және коллаген ыдыратқыш ферменттер алу тәсілі» – Калиева А.К., 2005.
  18. Предпатент №21831, «Штамм микромицетаPenicilliumcyclopium– продуцента пектинлиазы» – Қалиева А.Қ., 2009.
  19. Патент №186 на «заводскую линию 116 Грома 98-58 кушумской породы лошадей» – Рзабаев С., 2011.
  20. Патент № 187 на «заводскую линию 118 Крепыша 33-64 кушумской породы лошадей» – Рзабаев С., 2011.
  21. Патент №585 на «Актюбинской заводской тип кушумской породы лошадей» – Рзабаев С., 2015.
  22. Патент №586 на «заводскую линию 134 Самоцвета 77-73 кушумской породы лошадей» – Рзабаев С., 2015.
  23. Патент №184 на «Эмбенский внутрипородный тип мугалжарской породы лошадей» – Рзабаев С., 2011.
  24. Патент №185 на «Каиндинский заводской тип мугалжарской породы лошадей» – Рзабаев С., 2011.
  25. Патент №286 на «заводскую линию Памира 127-78 казахских лошадей типа жабе» – Рзабаев С., 2013.
  26. Патент №287 на «селетинский заводской тип казахских лошадей типа жабе» – Рзабаев С., 2013.
  27. Патент №288 на «заводскую линию Браслета 13-74 казахских лошадей типа жабе» – Рзабаев С., 2013.
  28. Патент №289 на «заводскую линию Задорного 51-76 казасхких лошадей тип жабе» – Рзабаев С., 2013.
  29. Авторское свидетельство №2782 на «Актюбинский заводской тип кушумской породы» – Рзабаев С., 2015.
  30. Авторское свидетельство №2789 на «заводскую линию 134 Самоцвета 77-73 кушумской породы» – Рзабаев С., 2015.
  31. Патент №854, «Мұғалжар тұқымының Бау 208-96 зауыттық ізі»– Рзабаев С., 2018ж
  32. Патент №855, «Мұғалжар тұқымының Палуанторы 136-91 зауыттық ізі»– Рзабаев С,, 2018ж
  33. Патент № 856, Мұғалжар – Ақтөбе мұғалжар жылқы тұқымішілік түріне -Рзабаев С., 2018 ж.
  34. Патент №857, «Мұғалжар тұқымының Бекзат 187-91 зауыттық ізі» – Рзабаев С., 2018ж
  35. Патент №858, «Көшім тұқымының Мамыр-Ақтөбе тұқымішілік типі» – Рзабаев С., 2018ж
  36. Авторлық куәлік № 4351, Мұғалжар жылқы тұқымының 136-91 Палуанторы зауытық ізі– Рзабаев С., 2018 ж.
  37. Авторлық куәлік № 4345, Мұғалжар жылқы тұқымының Бау 208-96 зауыттық ізі– Рзабаев С., 2018 ж.
  38. Авторлық куәлік № 4363, Мұғалжар жылқы тұқымы Бекзат 187-91 зауыттық ізі– Рзабаев С., 2018 ж.
  39. авторлық куәлік № 4357, Мұғалжар-Ақтөбе мұғалжар жылқы тұқымының тұқымішілік түріне– Рзабаев С., 2018 ж.
  40. Авторлық куәлігі № 4369, Мұғалжар-Ақтөбе Көшім жылқысының тұқымішілік түріне– Рзабаев С., 2018 ж.
  41. Патент № 0767, « Стомотологиялық клиникасындағы медециналық микробиология-Изимова Р.С, 2018ж
  42. Авторлық куәлігі № 8153, Ауыл шаруашылығы зиянкестері. Практикалық жұмыстарға арналған əдістемелік нұсқау, Абдукаримов А, Кукенов Ж.Ж. 2020ж
  43. Авторлық куәлігі № 8287, Methodical instructions to practical studies on physiology of human and animal, Кукенов Ж.Ж., Абдукаримов А, Агадиева М.С. 2020ж
  44. Авторлық куәлігі № 8057, «Цитология жəне гистология» пəнінен практикум жəне студенттердің өзіндік жұмыстары. (оқу құралы), Адманова Г.Б. 2020ж
  45. Авторлық куәлігі № 8047, «Биотехнология негіздері» пəнінен практикум. Адманова Г.Б. 2020ж
  46. Авторлық куәлігі № 8133, Способ повышения качества обучения студентов через контроль (самоконтроль и взаимоконтроль). Методическое пособие. Семенихина С.Ф., 2020ж
  47. Авторлық куәлігі № 8252, Микробaлдырлардың көмегімен Қазақстан Республикасының лacтaнғaн су экожүйелерін биотестілеу. Магистірлік диссертация. Каренеева Ж.А., 2020ж
  48. Авторлық куәлігі № 8204, Методические указания к лабораторно-практическим занятиям по дисциплине «зоология беспозвоночных». Сырымбетов С.Т.,2020ж
  49. Авторлық куәлігі № 8203, Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «анатомия человека». Сырымбетов С.Т.,2020ж
  50. Авторлық куәлігі № 6362, Адам жəне жануарлар физиологиясы (оқу- көрнекілік құрал). Изимова Р, Каирова А.Т. 2020ж
  51. Авторлық куәлігі № 6307, Микробиология жəне вирусология негіздері (Оқу құралы). Изимова Р, Махамбетов М.Ж.
  52. Авторлық куәлігі № 7817, «Микробиология жəне вирусология негіздері» электронды оқу құралы. Изимова Р., 2020ж
  53. Авторлық куәлігі № 7675, АДАМ АНАТОМИЯСЫ (тест тапсырмалар жинағы) Анатомия человека (сборник тестовых заданий). Изимова Р., 2020ж
  54. Авторлық куәлігі № 26615, «БИОЛОГИЯ – 8 класс» электронды оқу құралы. Каирова А.Т., 2022ж
  55. Авторлық куәлігі № 26497, “10-сынып биология пәнінен зертханалық сабақтары” электронды оқу құралы. Бисалиева Р.Н.., 2022ж
  56. Авторлық куәлігі № 36608, “Тыныс алуфизиологиясы” электронды оқу құралы. Адманова Г.Б., Бисалиева Р.Н.., 2023ж

Биология кафедрасының оқытушылары халықаралық ғылыми байқауларға, конференцияларға белсенді түрде қатысады: Р.И.Изимова – Белоруссия (Мозырь 2013), Россия (Новокузнецк, 2013), США (Нью-Йорк, 2013), Германия (Штутгарт, 2013),  Чехия (Прага, 2014), Великобритания (Шеффилд, 2015); Жолдасова И.М. – Өзбекстан Республикасы (Ташкент, 2013, 2014, 2015); А.А.Базаргалиева –  США (Нью-Йорк, 2015);  Г.М.Атаева – Россия (Волгоград, 2014), Түркия (Бурса, 2017) Адманова Г.Б. – Россия (Мурманск, 2011; Оренбург, 2017); Семенихина С.Ф. – Россия (Тула, 2013, Москва, 2015, Волгоград, 2016, Казань, 2017, Махачкала, 2017), Белоруссия (Минск, 2015, 2016, 2017), Болгария (София, 2012); Қалиева А.Қ, – Австрия (Вена, 2015, 2016), Россия (Новосибирск, 2017);  Ж.И.Куанбай –  Россия  (Таганрог, 2013); С.Ф.Семенихина., Г.Б. Адманова, Изимова Р. Польша (Варшава) 2018; Аманова Р.П.(Узбекистан) 2018; Агадиева М.С., С.Ф.Семенихина (Казань) 2017; Утарбаева (Пакистан, 2019); Утарбаева (Түркия, 2019); Утарбаева (Украина, 2019); Изимова Р (Москва,2019);Атаева Г.М. (Москва,2019); Атаева Г.М. (Алматы, 2019); Рзабаев (Орал,2019);   Қуанбай Ж.І.(Омск, 2020);

Студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуы, мақалалар жарияланымдары:

Умбетова А.А.(Новосибирск) 2017;  Бақытжанқызы Б.(Семей) 2017; Таутанова А. (Украина) 2018; Бисекенова  А.К.(г.Стерлитамак, Россия)2018; Кужахметова (Россия, Москва)2018; Темірқызы Ж. (Астана)2018; Ідірісова Ж. (Алматы) 2018; Ермагамбетов М. (Петропавл) 2018; Маратова (Түркістан) 2018; Урумбасарова Д.(Чебоксар) 2017. Тобыш Г (Астана) 2019; Бегім А.Қ. (Ақтөбе) 2019; Исабаева А.Қ. (Алматы) 2019; Әбдіғазым Ә. (Павлодар) 2019;  Қоянбайқызы А, Жолдасбаева Т.К. (Москва) 2019;   Саматова А. (Москва) 2020 ; Шалқар Г (Түркия) 2020;  Ідірісова Ж (Алмата) 2020; Шаштыгарина С (Нурсултан) 2020; Ташигул Н (Түркия) 2020;

Хирш индексі

Автордың аты-жөні
h-index (https://www.scopus.com)
                                           ПОҚ
1.
Atayeva G.M.
5
2.
Issimov A.M.
4
3.
Bazargalieva A.A.
1
4.
Kalieva A.K.
1
5.
Agadieva M.C.
1
6.
Bisalieva R.N.
1
7.
Admanova G.B.
1

 

Профессор-оқытушылар құрамының «Thomson Reuters», «Scopus» базасында, «Web of science» базасында тіркелген  журналдарда жарияланған мақалалары

скопус каз

 

Профессор-оқытушылар құрамының ҚРБҒМ (ККСОН) ұсынатын журналдарда жарияланған мақалалары

ККСон каз

Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және қолдау мақсатында кафедрада келесі ғылыми үйірмелер жұмыс істейді:

“Жас натуралистер”, жетекшілері: Абдукаримов А. М., Сырымбетов С. Т.;
“Өсімдіктер әлемі”, жетекшілері: Агадиева М.С., Беркалиева А.С., Саржігітова А.Т.;
“Жас маман”, жетекшісі Кеубасова Г.О.;
“Биоколорит”, жетекшілері: Калиева А.К., Бақытжанқызы Б.

 

2019, 2020 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанынан №1, №2 «Жұбанов жылыжайы» ашылды. Жылыжайда  Ақтөбе облысының ашық және қорғалған топырақ жағдайында қиярдың отандық селекциялық сорт үлгілері  өсіріледі.  Қияр сорт үлгілерінің биомассасын арттыруға ықпал ететін әр түрлі топырақ-субстраттарын құрамдастырудың оңтайлы технологиясы қарастырылып, зертханалық жағдайда  топырақ құрамындағы диатомиттің қиярдың өсімі мен өніміне әсері сыналады. Сонымен қатар  мұнда қияр тұқымдарының өнуі, вегетативтік биомассасының қалыптасуы, тыңайтқыштар түрлері мен мөлшерінің әсері  зерттеледі. Жылыжай кешенінде әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады.  Онда көкөніс дақылдары және гүлдердің бірнеше түрлері өсірілуде. Жылыжай кешенінде тамшылатып суғару технологиясы, ағаш үгінділері арқылы өсіру және т.б. әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады.

Университет білім алушыларын  еңбекке баулуда жылыжайдың берері көп. Мұнда биология кафедрасының студенттері ғылыми жетекшілерінің бақылауымен көкөністерге агротехникалық күтім жасап, баптайды.

           

6М060700 – «Биология» мамандығының магистранттары М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті «Жаратылыс және география ғылымдары» факультетінің базасында «Биологиялық зерттеулердің методологиялық негіздері мен принциптері»,  Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Биотехнология негіздері: жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы» және «Өсімдіктердің биоалуантүрлілігі»,  Санкт-Петербург қаласында орналасқан Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктану институты, Орынбор мемлекеттік университеті «Ғылыми зерттеу әдіснамасы» бағдарламасы тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2019-2020 оқу жылында  7М01505 – Биология, 7М05101 – Биология білім бағдарламаларында білім алушылар  «Педагогикалық және жаратылыстану бағытындағы биологияның мәселелері» тақырыбында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биология және экология кафедрасынан онлайн жүйеде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Р. И. Изимова, С. Ф. Семенихина, Альчи де-Гаспери атындағы Евроөңірлік  экономикалық университетінде «Мәдениетаралық коммуникация аясындағы менеджмент” бағдарламасы бойынша» ғылыми-білім беру  тағылымдамасы курсынан өтті (Шенген қ., Польша Республикасы).

Ғылым апталығы – 2018 қорытындысы бойынша «Үздік ғылыми үйірме» байқауында биология кафедрасының оқытушысы А.А.Базарғалиеваның жетекшілігімен «Өсімдіктер әлемі» ғылыми үйірмесі І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Анкара қаласында «KU Biogen» «V Халықаралық иновация және жаһандық  мәселелере» конгресіне сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Кастамону университетінде білім алып жатқан  6М0 11300-Биология мамандығының 1 курс магистранттары Г.Шалқар, Н.Ташиғұл  «Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мәселелері»  тақырыбындағы мақаласымен қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.

«Ғылым апталығы-2019» аясында «Жаратылыстану ғылымдары мәселелерін шешуде жастардың ғылыми көзқарасы» тақырыбында биология мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында ғылыми байқау болды.

«Парктер шеруі – 2019» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында биология кафедрасының филиалы болып табылатын «Ырғыз Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің бас маманы Г.Әмірова, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы С.Орынжайдың қатысуымен «Резерват күні» тақырыбында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Кафедра филиалы болып табылатын «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының» ғылыми қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ақтөбе облысының табиғаты: өңірлік биоалуантүрлілікті қорғаудағы мәселелер» тақырыбында ғылыми семинары;  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ биология мамандықтарының 1-2 курс магистранттары арасында «Батыс Қазақстанның флорасы мен ботаникалық-географиялық аудандарын аймақтық талдау» тақырыбында ғылыми онлайн – семинары өтті.

2019- 2020 оқу жылында «Педагогикалық және ғылыми жаратылыстану бағытындағы өзекті мәселелер» тақырыбында 7М01505 – Биология, 7М05101 – Биология мамандықтарының 2 курс магистранттарының диссертациялық тақырыптары бойынша ғылыми-педагогикалық,  биологиялық зерттеулерінің әдістері мен нәтижелерін талдау бағытында  ғылыми семинар өтті.

«Биология»  білім бағдарламасы бойынша білім алушылар «Цифрландырылған зертхана» жасақтау мақсатында жаңадан алынған микротом және фотокамерасы бар микроскоп құрылғыларын қолдану әдістемесін үйрету мақсатында сабақ өткізілді.

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Атаева Гульшат Мукановна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Адманова Гулнур Болатовна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Изимова Роза

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы