6В05201 – Экология

Шифр – мамандықтың атауы:

6В05201 – Экология

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

6В05201 – Экология білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мекемесінде, биосфералық резерваттарда және қорықтарда, өнеркәсіптік және экологиялық мекемелерде, аграрлық өнеркәсіп кешендерінде,  полигондар, энергетика нысандары, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттарында эколог-талдаушы, эколог-сарапшы, эколог болып жұмыс жасай алады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық басқармасы, ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар, зоологиялық парктер, ботаникалық парктер, биосфералық резерваттар, өнеркәсіп мекемелері, аграрлық өнеркәсіп кешендері, полигондар, білім ұйымдары, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттары.

Кәсіби қызметінің пәні:

Табиғи экожүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын зерттеу және бұзылған аумақтарды қалпына келтіру: атмосфералық ауаның, су ортасының, топырақ жамылғысының, флора мен фаунаның, адам денсаулығының жағдайын бағалау, болжамдық модель құру; оңтайлы шығындар бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін резервтерді анықтау шарттары мен факторларын зерттеу.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми – зерттеу;
  • ұйымдастыру – басқару;
  • табиғатты қорғау;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеушілік;
  • жобалық.

Практика базалары:

ЖШС «Гидроэкоресурс – L», ЖШС «НИИ Батысэкопроект», «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ, ЖШС «Асу ЭКО».

Модульдік білім беру бағдарламасы

Модульдік білім беру бағдарламасы 2023
Модульдік білім беру бағдарламасы 2021