Химия және химиялық технология кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Химия және химиялық технология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

Кафедрада заманауи қондырғылар мен аспаптармен жабдықталған оқу және зерттеу лабораториялары жұмыс жасайды. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары қазіргі химия ғылымының теориялық және іргелі міндеттерін шешуге бағытталған, зерттеу объектісі бейорганикалық, органикалық қосылыстар және композиттер. Әрбір лаборатория арнайы пәндер бойынша заманауи оқу талаптарына сәйкес оқу стендтерімен қамтылған.

Кафедрада 14 оқу-зертханалық аудитория бар, оның ішінде  үшеуі мамандандырылған  жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған, мысалы:  компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасайтын сұйықты сұйықпен экстракциялау қондырғысы, кристалдау қондырғысы, компьютермен бақыланатын газды адсорбциялау қондырғысы, компьютермен бақыланатын үздіксіз дистилляциялау қондырғысы, буландыру қондырғысы, бу генераторы жинағы, QRIA араластырғышы бар изотермиялық реактор, QRIA/D дистилляциялы изотермиялық реактор, QRFT түтікті реактор, QRAD адиабатты және изотермиялық реактор, QRSA сериялы араластырғышы бар реактор.

Кафедра облыстың және батыс өңірінің белді өнеркәсіп орындарымен, атап айтқанда, «Актөбе хром қосылыстар зауыты» АҚ, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ, «Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені» АҚ,  «ТЭЦ» АҚ,  «Нитрохим» ЖШС, «Актөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ, «Ақтөбе мұнай өңдеу» АҚ, «Сагиз-Петролеум» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» кәсіпорындарымен студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу мақсатында  байланыс орнатқан.

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы