Химия және химиялық технология кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Химия және химиялық технология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

«Химия және химиялық технология» кафедрасы оқытудың кредиттік білім жүйесі бойынша мамандар даярлайды. ПОҚ-ы оқу процесінде оқытудың интерактивті, креативті әдістерін қолданады.

Болон конвенциясының принциптерін жүзеге асыру мақсатында студенттер сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып, тәжірибе алмасуда (Қытай, Литва, және т.б.).

2016 жылы қараша айында  кафедра оқытушылары Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ техникалық факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Өндірістегі және техникалық кадрлар дайындаудағы инновациялар»  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның «Химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілері» секциясында көмірсутекті материалдардың химиялық технологиясы және Батыс Қазақстанның минералды ресурстары бойынша ғылыми жарияланымдары басылымнан шықты.

2016 жылы сәуір айында  кафедра студенттері және ПОҚ Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ 50-жылдығына орай өткізілген «Жастар, ғылым және инновациялар» халықаралық ғылыми практикалық конференциясына қатысты, «Жас ғалым» халықаралық ғылыми журналында 12 ғылыми жұмыстары жарық көрді. Сонымен қатар 12 оқытушының біріккен авторлығымен 4 ғылыми мақала «Ізденіс» журналында жарық көрді.

Кафедра студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жасалады.

2017-2018 оқу жылындағы ҚР-ның ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес:

Химия мамандығы бойынша:

  • Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне 3 курс студенті Д.Е.Мұхамбет;
  • Қазақ технология және бизнес университетіндее 3 курс студенті С.Ещанова;
  • Алматы технологиялық университетінде студент А.Қаражанова оқытылды.

2017-2018 оқу жылындағы Сыртқы халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес:

Химия мамандығы бойынша:

  • Тіл оқу бағдарламасы негізінде Синьзянь Қаржы экономикалық университетінде (ҚХР) 3 курс студенті Айгерім  Кенжетаева;
  • Литва Республикасы Каунас қаласынадағы Витаутас Магнус Университетінде 3 курс студенті Досжанов Жанкелді оқытылды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасындағы ғылыми зерттеулердің бағыттары:

  • Ванадий-молибден полиоксоқосылыстарынан наноматериалдар алу; х.ғ.к., доцент Есназарова Ғ.Л.
  • Химия пәнін модульдік жүйе арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесі; п.ғ.к., доцент Досанова Б.Б.
  • Жаратылыстану-ғылыми білім беруді жетілдіру жолдары; п.ғ.к., доцент Иманғалиева Б.С.
  • Қазіргі білім берудегі аксиологизация мәселелері; х.ғ.к., аға оқытушы Агишева А.А.
  • Химияны оқытудың заманауи мәселелері ; п.ғ.к., доцент Альмуратова Қ.К.
  • Фосфор және құрамында фосфор бар органоминералды тыңайтқыштар алу технологиясын зерттеу және жасау, т.ғ.д., профессор Нурлыбаев И.Н.
  • Батыс Қазақстанның табиғи ресурстарын кешенді пайдалану технологиясын жасау, т.ғ.к., доцент Тастанова Л.К.
  • Мұнай эмульсияларын жою әдістерін зерттеу, т.ғ.к., аға оқытушы Бузова О.В.

Кафедрада мемлекеттік гранттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  1. «Полимер матрицасына микро мөлшерлі минералды толтырғыштар енгізілген кезде эпоксидті композиттердің физика-химиялық және механикалық қасиеттерін жақсарту». Жетекшісі – Бекешев А.З., орындаушы – Тастанова Л.К.
  2. «Ғылыми білімді жетілдіру жолдары». Жетекшісі – Б. Иманғалиева Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп өткізіледі.
  3. Астана және Ақтөбе қалаларында еритін және ерімейтін Cr (VI), қоспалар, O3, NO2 және SO2 концентрациясын сандық анықтау. Жетекшілері – Л.К. Тастановамен бірге Мехди Торкмахаллех (Назарбаев Университеті).

Монографиялар:

Имангалиева Б.С. «Мектепте химиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесі (тәжірибелер жинағы)». Ақтөбе, Жеке кәсіпкер Г.М. Кдырбеков баспаханасы, 2016ж.-152 бет. Тир-500

Имангалиева Б.С. «Өндірістік экология негіздері». Ақтөбе, Жеке кәсіпкер Г.М. Кдырбеков баспаханасы, 2016ж.- 174бет. Тир-500

Имангалиева Б.С. «Мектепте химиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесі (тәжірибелер жинағы)». Алматы,”Альманах” баспасы, 2017ж. Тир-500

Кафедра ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін импакт-факторы бар рейтингтік журналдарда жариялайды:

  • Нурлыбаев И.Н., Агишева А.А. бірлескен авторлармен. Шилисай фосфорит ұнынан тыңайтқышқа агрохимиялық сынақтар жүргізу. Жаңа университет. Техникалық ғылымдар. – Йошкар-Ола. – 2016. – № 10-11 (56-57). – С. 28-31.
  • Есназарова Г.Л., Досанова Б.Б., Алмұратова К.К. Ванадий алмастырылған октамолибдат синтезі. «Қазіргі әлемдегі ғылым» ғылыми журналы «Архивист» Киев, 2017 ж
  • Тастанова Л.К. с соавторами. Epoxy composites modified with microfibers of potassium polytitanates. «Journal of Applied polymer science» ISBN: 0021-8995, E-ISSN: 1097-4628, сентябрь 2018г.
  • Тастанова Л.К. с соакторами. Polyvinylpyrrolidone-Ferrocianide Catalysts for Cyclohexane Oxidation. Известия НАН РК
  • Имангалиева Б.С. “Synthesis of 2-(2i – acyloxy-ethoxy)ethyl chloride and their interaction with amides and alkali metal rhodanides”. ACCEPTEDto be published in the Tchê Química Journal (TQJ), ISSN 1806-9827 and ISSN 1806- 0374 (printed).Antônio Prado, RS. Brazil. May 14 th , 2019.

Кафедра ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ҚЗ БҒМ ұсынған (ККСОН) журналдарда жариялайды:

  • Орынбасар Р.О., Тастанова Л.К., Апендина А.К. и др. Модельдік алкандар мен мұнай өнімінің каталитикалық өзгеріске ұшырауы. Вестник ЕНУб 2018., №2(123)
  • Имангалиева Б.С. Жас ұрпаққа мол рухани мұра қалдырған, жаны жомарт, қамқор да талапшыл аяулы аға. Республикалық ғылыми-педагогикалық “Химия мектепте” журналы, №1, 2018ж.,5-10б.
  • Имангалиева Б.С. Электролиттік диссоциациялану теориясы” тақырыбын оқытудың қысқа мерзімді сабақ жоспары. Республикалық ғылыми-педагогикалық “Химия мектепте” журналы, №2, 2018ж.,5-7б.
  • Имангалиева Б.С. «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі» тақырыбын оқыту. Республикалық ғылыми-педагогикалық “Химия мектепте” журналы, №4, 2018ж.,3-7б.
  • Имангалиева Б.С. «Ерітінділер мен ерігіштік» тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары. Республикалық ғылыми-педагогикалық “Химия мектепте” журналы, №4, 2018ж.,22-26б.
  • Имангалиева Б.С. Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы. Республикалық ғылыми-педагогикалық “Химия мектепте” журналы, №5, 2018ж.,3-8б.
  • Тастанова Л.К., Апендина А.К. с соавторами. Polyvinylpyrrolidone-Ferrocianide Catalysts for Cyclohexane Oxidation. Известия НАН РК. Серия химии и технологии, 2019, №2 (434)
  • Тастанова Л.К. с соавторами. Palladium Catalysts of Partial Hydrogenation of High-molecular Acetylenic Alcohols Stabilized by Soluble Polymers Вестник КазНИТУ, 2019, №2 (132)
  • Кафедра негізінде студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Кафедраның студенттік ғылыми үйірмелері белсенді жұмыс жүргізілуде. Ғылыми үйірмелердің жұмыс нәтижесі- студенттердің ғылыми конференцияларға, форумдарға, семинарларға, студенттік олимпиадаларға, Start Up-конкурстарына белсенді қатысуы болып табылады.

2019 жылдың 27 қараша күні Химия және химиялық технология кафедрасының х.ғ.к., аға оқытушысы А.А. Агишеваның ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес «Оқу процесіне енгізілген дуальды оқыту жүйесі элементтерін қолданудың тәжірибесінен» атты тақырыпта өткізілетін әдістемелік апталық аясында «Новый орта мектеп-лицейінде «Пәндік олимпиадаға дайындық жүйесіндегі педагогикалық құзіреттілікті дамыту» атты әдістемелік семинары өткізілді.

2019 жылы 5 желтоқсан күні «Химия және химиялық технология» кафедрасының х.ғ.к., аға оқытушы А.А. Агишеваның ұйымдастыруымен ХҚБ-402 тобының қатысуымен «Электролиз және пластинка тақырыбында олимпиада есептерін шығару» атты семинар Новый орта мектеп-гимназиясында өткізілді. Семинар «Жол картасы» атты жаңа педагогикалық технологиясы бойынша өтті. Бұл технология мектеп мұғалімдері мен оқушыларына химиядан күрделі есептерді шығару тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

2020 жылдың 27-ші ақпаны күні Жаратылыстану факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы А.К.Умбеткулованың жетекшілігімен 6В01504-Химия мамандығының 109, 202 топтарында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты тағылымдық шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Тағылымдық шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абайдың даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, өлеңдері мен қара сөздерінен студенттер ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алды.

6-11 сәуір аралығындағы ғылыми апталық аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасында «Жас тағамтанушылар» ғылыми үйірмесінің жетекшісі Н.А. Жасекенованың ұйымдастырылуымен «Сүттің химиялық құрамы және сүт өнімдерінің сипаттамасы. Сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеу» атты дөңгелек үстелі ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді. Дөңгелек үстелге ПОҚ, студенттер, үйірме мүшелері қатысты.

6-11 сәуір аралығындағы ғылыми апталық аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасында оқытушылар Ш.А.Карасаева мен Н.Е.Айкенованың ұйымдастыруымен «Химиядағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» атты семинары ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді. Семинарға ПОҚ, студенттер, магистранттар қатысты. Семинар барысында химия пәні педагог-мамандардың оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу жұмыстары негізгі сұрақ ретінде қарастырылды.

2020 жылдың 20 қараша күні «Экологиялық білім мен тəрбие, мəдениет: практика жəне инновация» тақырыбында Республикалық вебинар өтті. Модератор педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  Имангалиева Базархан Сагинаевна ZOOM платформасында ұйымдастырды.

Вебинар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жаратылыстану факультетінің деканы Махамбетов Мұрат Жарақұлының сөзімен басталды.

Мақсаты: жаратылыстану пәндері циклін  оқытудың қазіргі мәселелері мен ерекшеліктерін қарастыру, функционалды сауаттылықты арттыру, болашақ мамандығына байланысты білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру, білім алушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру.

Мақсатты аудитория:  ЖББОМ, ЖОО-ның әдіскер мұғалімдері, университеттің профессор оқытушылар құрамы, оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру орталығының  әдіскерлері, «Химия», «Химия және биология», «Биология», «Экология» білім бағдарламаларының студенттері мен магистранттары.

Вебинар барысында баяндама жасағандар:

  • Шілдебаев Жұмәділ Бәйділдаұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д., Құрмет орденінің иегері, «Экология» оқулықтарының авторы;
  • Байташева Гаухар Өмірәліқызы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, экология доценті;
  • Бимагамбетова Гульнара Адилгиреевна – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, биология ғылымдарынын кандидаты, доцент;
  • Исламова Клара Исламовна – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика ғылымдарынын кандидаты, экология кафедрасының доценті.

Вебинар қорытындысында модератор, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  Базархан Сагинаевна Имангалиева студент, магистранттармен пікір алмасып, блиц тест орындалды. Қатысқан спикерлер мен қатысушылар сұрақтарға жауап берді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымына өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы