Химия және химиялық технология кафедрасы – Кафедра тарихы

Химия және химиялық технология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Химия» кафедрасы өз қызметін жаратылыстану факультетінің құрамында 1978 жылы «Химия және биология» мамандығы бойынша студенттер дайындаудан бастады.

1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры профессор К.К.Кенжебаев бұйрығына сәйкес химиялық технология кафедрасы құрылды. Кафедраның құрылуына зор үлес қосқан профессор-оқытушылар: доцент Э.Г.Уразаев, доцент А.Р.Садыков, профессор Н.Р.Букейханова, профессор А.Т.Сагинаев, профессор И.Н.Нурлыбаев, доцент К.К.Қаратаев, доцент Г.Л.Есназарова, х.ғ.к. Е.Б.Досмурзина, доцент Ж.Е.Джакупова, х.ғ.к. Л.К.Тастанова, х.ғ.к. Н.А.Ұбайдуллаева, доцент С.М.Көгісов, доцент Қ.Ж.Естекова, п.ғ.к., доцент Б.Б.Досанова, х.ғ.к. З.Б.Сұлтамұратова, х.ғ.к. А.К.Апендина.

Қазіргі уақытта кафедраны химия ғылымдарының кандидаты А.К.Апендина басқарады. Профессор – оқытушылар құрамы 24, оның ішінде – 1 доктор, ғылым кандидаттары – 12, магистр – 5, аға оқытушылар – 3, оқытушы – 3. Кафедра оқытушыларының арасында Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химиялық-технологиялық университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу химиялық-технологиялық институтының, С.Киров атындағы Қазан химиялық-технологиялық институтының, М.Әуезов ат. Қазақ химиялық технологиялық институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университтетінің, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің түлектері бар. Оқытушылардың көпшілігінің жоғары білім беру жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Қазіргі таңда «Химия және химиялық технология» кафедрасы төмендегідей бакалавр мамандықтарын дайындайды:

Бакалавр:

6В01504- «Химия» – 4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі- 3 жыл, 2 жыл.

6В01507 – «Химия -Биология»  4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі-  3 жыл, 2жыл.

6В05302  -«Химия»  4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі- 3 жыл, 2 жыл.

6В07104-«Химиялық инжиниринг» 4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі-  3 жыл, 2жыл.

6В07204 – «Азық-түлік технологиясы « 4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі- 3 жыл, 2жыл.

6В07205-«Мұнай-химия өндірісінің технологиясы»  4 жыл(күндізгі); қысқартылған оқу мерзімі- 3 жыл, 2жыл.

5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

5В011200 – Химия мамандығы 2016 жылдың желтоқсан айында «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы