Химия және химиялық технология кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Химия және химиялық технология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

ҚР Әлеуметтік қорғау және еңбек министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші категориялы техник қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, ғылыми зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженері қызметтеріне және басқа да лауазымдарға жұмыс өтіліне талап қоймай-ақ тағайындалуы мүмкін.

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалавриатының түлектеріне деген мемлекет және нарық сұранысын ескере отырып, келесі қызметтерде жұмыс жасай алады: технолог; химик-технолог; шебер-технолог; маман; орта оқу орындарының оқытушысы және т.б.

5В011200 – Түлектердің кәсіби қызметтерінің объектісі: анализдік, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтің өндірістік зертханалары; химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық саладағы  ғылыми – зерттеу ұйымдары (институт, зертхана); орта жалпы білім беру мектептері, колледж, лицей, гимназия, білім бөлімдері;

5В060600- «Химия»  бакалаврының қызмет ету аймағы – химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіп, білім саласы, ғылым және экология.

Факультетте жыл сайын сәуір айында бітіруші түлектер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылады. Оған мекеме басшылары мен өкілдері қатысып, студенттердің дайындаған түйіндемесі мен құжаттары барысында жұмысқа қабылдауға ұсыныстарын білдіреді.

Біздің түлектеріміз төмендегідей мекемелерде жұмысқа орналасады:

  • мамандандырылған және білім беру мекемелері;
  • мектептер, колледж, лицей және жоғары оқу орындары;
  • ғылыми және өндірістік мекемелер;
  • мұнай өнеркәсібі, фармацевтік және азық-түлік кәсіпорындарының зертханасы;
  • облыстық, қалалық санитарлы-эпидимиологиялық сараптама орталығының зертханасы;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • облыстық экология департаменті зертханасы.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы