Кәсіби құзіреттілік.

2020 жылдың 5 мамырында биология кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес ZOOM платформасында «Жаңартылған білім беру мазмұнында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағыттары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға кафедра филиалдары Ойыл аудандық Ш. Бекмуханбетова атындағы мектеп-гимназиясының директоры Р.С.Улыкпанова; №69 ЖББОМ директоры А.А.Абжалелова, мектеп мұғалімі М.А.Унгарбаев; Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Жамекова, биология пәнінің оқытушысы Б.К.Жаркаева; сонымен қатар Қызылжар орта мектебінің директоры Р.М.Нургалиев, жоғары санатты мұғалімі Э.О.Досова; Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғары колледжінің оқытушысы А.Б.Бекжанова; биология кафедрасының магистрі, оқытушы А.Т.Каирова, 4 курс білім алушысы Л.Н.Қабылберді өз баяндамаларымен, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, «Жас педагог мектебі» тәлімгерлері, «Жас маман» үйірме мүшелері, «Үйрен-бөліс» жобасындағы студенттер қатысты.

Семинар мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнында кәсіби құзыреттілікті жүйелі, динамикалық түрде дамыту, білім беру саласының әрбір білім алушы буыннан бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін құзыретті маманның келбетін жасаудағы іс-әрекеттерді талдау.

Семинар соңында №69 ЖББОМ директоры А.А.Абжалелова университеттің биылғы кәсіби бағдар жұмыстарының ауқымды ұйымдастырылғанын, оның мамандық таңдаудағы маңызын, өз кезегінде ертеңгі маманнның кәсіби құзыреттілігін дамытудағы рөлін айта отырып, кафедраның сол мектепте қызмет етіп жатқан түлектеріне өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, басқада ұйым басшылары басталған жұмыстың әрі қарай бірлесе отырып жалғасын табатындығын атап айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.