Елбасының Жолдауы туралы әңгімелестік.

2020 жылдың 28-ші сәуірі күні 5В011300-Биология, БҚБ-306 топ студенттеріне топ кураторы А.Т. Саржігітова «Елбасының «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында» тақырыбында куратор сағатын онлайн ZOOM платформасы аркылы өткізді. Мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын түсіндіру. Тұңғыш Президент өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын студенттерге келелі ойға салып, салиқалы пікір мен батыл шешімдерге ұмтылғаны дұрыс екені айтылды.