Жұқпалы аурулардың алдын-алу

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, Жаратылыстану фаультеті, Химия және химиялық технологиялар кафедрасы, 6В01504 – Химия мамандығы бойыншы оқитын ХҚБ – 110, ХҚБ – 111 топтарында онлайн түрде “Мамандығым – мақтанышым” атты тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.

Тәрбие сағаты барысында студенттер, өз мамандықтарын қалай таңдағаны туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер арасында мамандық таңдау барысы жөнінде түрлі пікірлер айтылды. Соңында студенттер өзінің мамандықтарын сүйіп оқитынын, алдағы уақытта осы мамандық бойынша керемет жетістіктерге жететіндері туралы мақтанышпен айтты.

Топ кураторы: Жалелова Г. И.