6В05202 – Экотехнология және тұрақты даму
Шифр – мамандықтың атауы:
6В05202 – Экотехнология және тұрақты даму
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6В05202 – Экотехнология және тұрақты даму білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мекемесінде, өнеркәсіптік және экологиялық мекемелерде, полигондарда, қалдықтады қайта өңдеу бойынша зауыттарда, энергетика нысандары, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттарында эколог-инженер, эколог-технолог, эколог-басқарушы болып жұмыс жасай алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық басқармасы, ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіп мекемелері, аграрлық өнеркәсіп кешендері, полигондар, білім ұйымдары, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттары.
Кәсіби қызметінің пәні:
Табиғи және қалалық экожүйелер және олардың компоненттері; биосфера және оның компоненттері; экологиялық мониторинг және маркетинг; қоршаған ортаны талдау, тексеру және бақылау; болжамдық модельдерді құрастыру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару функциялары; технологиялық процестерде және жаңа кәсіпорындарды, елді мекендерді жобалау кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуы, экономиканың әртүрлі салаларында экологиялық шараларды жоспарлау және жүзеге асыру, қоршаған ортаға әсерді бағалау және экологиялық аудит жүргізу; экологиялық білім және тәрбие.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми – зерттеу;
- ұйымдастыру – басқару;
- табиғатты қорғау;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименталды-зерттеушілік;
- жобалық.
Практика базалары:
ЖШС «Гидроэкоресурс – L», ЖШС «НИИ Батысэкопроект», «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ, ЖШС «Асу ЭКО».