7М01505 – Биология

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01505-Биология

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл

Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт:

7М01505- Биология білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:

білім беру (жоғары оқу орындары, жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледж); басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары); ғылым (ғылыми-зерттеу ұйымдары және институттары).

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:

Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:

  • ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • мамандық бағытындағы зертханалар;
  • мемлекеттік басқару орындары;

Бейінді бағыт бойынша:

  • ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағыт бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми –зерттеу жұмыстарын орындай алу;
  • жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру;
  • өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы қызметі;
  • биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетіндегі (санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және т.б.) қызмет.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде ең жаңа әдістер мен құралдарды пайдаланып, оқыту мен тәрбиелеу; ең жаңа зерттеу әдістері, құрал-жабдық, материалдар және т.б.; басқаруда – қазіргі заманғы кеңсе жабдығы, әртүрлі деңгейде қарым-қатынас жасау, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әртүрлі қосымша материалдар агробиостанция және юнаттар станциясы  болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М01505-Биология білім бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • тәрбиелік жұмыстар;
  • кәсіптік бағдарлау;

Бейінді  бағыт бойынша:

  • оқыту;
  • зерттеу;
  • санитарлық-гигиеналық;
  • салауаттылық.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Биология» кафедрасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Жас натуралистер» станциясы, «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», “Қазақ орман шаруашылығы  және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы;  «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облысы бойынша; Ақтөбе обаға қарсы  күрес станциясы-ММ; Ақтөбе қаласындағы №51,  №27, №21, Новый орта мектебі,  Назарбаев Зияткерлік мектебі, М.Құсайнов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты, Білім және инновация мектеп-лицейі және т.б.

Модульдік білім беру бағдарламасы

МОП 7М01505-Биология 21-23 каз

2023-2024 оқу жылына арналған элективті модульдер каталогы 2 курс

7М01505-Биология 2 курс 2023-2024 каз