7М05101 – Биология

Шифр – мамандықтың атауы:

7М05101-Биология

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. (сертификат №АВ1155, 05.12.2016ж.)

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық бағыты – 2 жыл

Бейінді  бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт:

7М05101-Биология білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы әр түрлі салалардағы әртүрлі ұйымдастыру деңгейіндегі биологиялық жүйелер, биологиялық табиғатты қорғау технологиялары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары:

Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:

  • ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • қорықтар, хайуанаттар паркі, өсімдіктерді қорғау станциялары;
  • санитарлық-эпидемиялогиялық және обаға қарсы станциялар;
  • жергілікті және облыстық әкімшіліктегі экологиялық басқармалар және бөлімдер;

Бейінді  бағыт бойынша:

  • ботаникалық бақтар, дендрариялар, табиғат мұражайлары;
  • ғылыми-зерттеу, өндірістік, медициналық, фармацевтік, ауылшаруашылық және т.б. мекемелер.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде әртүрлі деңгейдегі ұйымдық биологиялық жүйелердегі процестер, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар объектілерінің қалыптасу және тіршілік ету заңдылықтарын айқындау; биологиялық табиғатты қорғау технологиялары; білім алушылармен әдістемелік, білім беру, консультациялық жұмыстар болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М05101-Биология білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:

  • педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік басқару;
  • жобалау;

Бейінді бағыт бойынша:

  • ұйымдық-технологиялық;
  • табиғатты қорғау;
  • эксперттік;
  • өндірістік-технологиялық.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Биология», «Экология» кафедрасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», “Үстірт мемлекеттік қорығы”, Ақтөбе облыстық “Үлкен Борсық Орман шаруашылығы”, “Фитосанитария” Ақтөбе облыстық филиалы; “Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы;  Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе облысы бойынша филиалының Байғанин аудандық  бөлімшесі; Ақтөбе қаласы ЖШС “Молочные истории-А”; Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы-ММ; “Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы” ММ; “Ақтөбе облысының ветеринария  басқармасы” ММ; ЖШС “Арал  филиалы,Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты  және т.б.

Модульдік білім беру бағдарламасы

МОП 7М05101-Биология 2021-2023 каз

2023-2024 оқу жылына арналған элективті модульдер каталогы 2 курс

7М05101-Биология 2 курс 2023-2024 каз