6В07104 – Экоэнергетика
Шифр – мамандықтың атауы:
6В07104 – Экоэнергетика
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6В07104 – Экоэнергия білім бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мекемесінде, өнеркәсіптік және экологиялық мекемелерде, жасыл энергетика нысандарында, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттарында эколог-техник, балама энергетика бойынша маман, эколог-инженер болып жұмыс жасай алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық бөлімдері, электр энергиясын, электр станциялары мен қосалқы станцияларды өндіру, бөлу және тұтыну жөніндегі кәсіпорындар; энергетикалық қондырғылар, атом электр станциялары, электр желілері және қосалқы станциялары, электр желілерін басқаруға арналған диспетчерлік орталықтар, энергетика нысандарын басқарудың автоматтандырылған жүйелері, электр энергиясын сыртқы электрмен жабдықтау жүйелері.
Кәсіби қызметінің пәні:
- электр станциялары мен қосалқы станциялары;
- электр жүйелері мен желілері;
- электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру;
- әр түрлі саладағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау;
- дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері;
- электромеханика;
- электр оқшаулау және кабель технологиясы;
- электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми – зерттеу;
- ұйымдастыру – басқару;
- табиғатты қорғау;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименталды-зерттеушілік;
- жобалық.
ББ оқытудың нәтижелері
ON 1. Өндірістік мәселелерді шешу үшін физика-математикалық, химиялық, қолданбалы ғылымдар және ақпараттық технологиялар аясындағы білімдерін пайдаланады.
ON 2. Бизнесті жүргізу үшін экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағдайларды бағалайды, жаңа нарықтық мүмкіндіктерді анықтау және жаңа бизнес-модельдерді қалыптастыру, академиялық адалдық мәдениет және жазу оның принциптерінің маңыздылығын түсінеді.
ON 3. Электрэнергетикалық жабдықтардың параметрлері мен жұмыс жасау режимдерін анықтайды және есептеуді жүргізеді.
ON 4. Берілген әдістемеге сәйкес технологиялық процесстің талап етілген режимдері мен берілген параметрлерін қамтамасыз етеді және технологиялық процесстің негізгі параметрлерін өлшеу және бақылау үшін техникалық құралдарды пайдаланады.
ON 5. Электрэнергетикалық жабдықтардың элементтерін монтаждауға және пайдалануға еңгізіліп жатқан электрэнергетикалық және электртехникалық жабдықтарын сынақтан өткізуге қатысады.
ON 6. Эко-энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады және халықтың экологиялық білім беру және эко-мәдениет саласындағы іс-шараларды жүзеге асырады, инновацияларды қалыптастырады және оларды альтернативті энергетика, зерттеу аймақтарында академиялық жазу мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдана біледі.
ON 7. Үлгілік техникалық құжаттарды құрастырады, автоматтандыру және электрэнергетикадағы автоматты басқару сұлбаларын оқиды.
ON 8. Электрэнергетикалық және электртехникалық жабдықтарды диагностикасын жүргізеді.
ON 9. Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мәселелерді шешу мақсатында, баламалы энергия үнемдеу технологияларын, сондай-ақ электр станция құрылысын құрудың технологияларын жасау бойынша практикалық дағдыларды қолданады және осы білімді практикада пайдалана алады; энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды құру мен дәстүрлі емес және жаңартылатын энергияны жобалау кезінде экологиялық-экономикалық талдау элементтерін қолданады.
ON 10. Электроэнергетикалық жабдықтарды жөңдеу жұмыстарын жүргізуге қатысады; жабдықтар мен қосалқы бөлшектеріне тапсырыс жасайды және жөңдеу жұмыстарына техникалық құжаттарды дайындауды орындайды.
ON 11. Жасыл экология талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, технологиялық және экономикалық тиімділікті, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бағалау; әр түрлі салаларда қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мәселелер мен шешімдерді тұжырымдайды.
ON 12. Кәсіби қарым-қатынас үшін философия, қазақ, орыс және шетел тілдерін білуді қолданады, азаматтық позицияны қалыптастыру үшін қоғамның тарихи даму кезеңдерін талдайды, өзінің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық стандарттарына иелік етеді; Қазақстанның әр түрлі даму кезеңдеріндегі саяси құрылымды, негізгі саяси институттар мен қоғамдық-саяси қозғалыстарды сипаттай алады.
Практика базалары:
Алиев Д.Б. – бас директор ТОО «Гидроэкоресурс», Утегенов С.А. – директор «АСУ ЭКО», Есенгулов А.Н. – бас директор ТОО «НИИ Батысэкопроект», Нурмуханов Б.Е. – директор ИП «Алихан», Бекмуратов Н.Б-директор ТОО «АЭМК – Жарык».