Факультет тарихы
Факультет тарихы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті 1978 жылы ақпан айында құрылып, «Химия –биология» мамандығына 50 студент қабылданды. 1986 жылы «Химия – экология» мамандығы ашылған.
Қазіргі таңда профессор – оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігі 50% құрайтын факультетте 31 профессор-оқытушылар 1000 астам білім алушыларды бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру мақсатында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Факультетте сапалық құрамы талапқа сай жоғары білікті профессор-оқытушылар қызмет жасайды, оның ішінде 1 – ғылым докторы, 25 – ғылым кандидаттары, 5 – PhD доктор, 41 – магистрлер. Штаттағы оқытушылар үлесі – 95% құрайды.
Факультет құрамында 3 кафедра бар:
- Биология;
- Экология;
- Химия және химиялық технология.
Биология кафедрасының оқытушылары Б.О.Кеубасова 2013 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, 2013 жылы Уорик университетінде (The University of Warwick) (Англия) тілдік курстан, 2014 жылы Монтре бизнес мектебінде (Швейцария) тағылымдамадан өтті; А.М. Исимов 2018-2022 жж аралығында Сидней университеті (Аустралия) , Life Sciences бағыты бойында доктарантура бөлімінде білім алды; Р. И. Изимова, С. Ф. Семенихина – Еуроөңірлік экономика университетінде ғылыми-білім беру тағылымдамасы, Альсиде де Гаспери (Варшава қ.,Польша), “Мәдениетаралық коммуникация шеңберіндегі жоғары мектепті басқару” бағдарламасы бойынша оқытылды.
Экология кафедрасының оқытушылары Б.К. Жаппарова 2013 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Лейден университетінде (Нидерланды) 3 айлық тағылымдамадан өтіп; А.А. Даулетяров 2016-2018 жылдары «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Оттава университетінде (Канада) 3 жыл оқыды.
Факультеттегі оқу үдерісін жоғары білікті мемлекеттік және ведомосттық марапаттары бар профессор-оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде:
– «Құрмет белгісі» иегерлері:
б.ғ.д., профессор С.А.Айпеисова «Құрмет» орденінің иегері;
-ҚР БҒМ «Құрмет грамотасы»:
м.ғ.к., доцент Р.И. Изимова
п.ғ.к., доцент Б.И.Имангалиева
п.ғ.к., доцент Г.Е. Нурмуханова
п.ғ.к, доцент Б.Б. Досанова
-«ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі:
б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР Ғылым және білім министрі Нұрбек Саясаттың төсбелгісі
-Атаулы төсбелгі иегерлері
б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева «Университетті дамытудағы еңбегі үшін Қ.Жұбанов атындағы төс белгісінің иегері»;
к.х.к., доцент Тастанова Л.К.
– «Жас ғалымдар» атты облыс әкімінің гранты:
т.ғ.к., доцент Исенгалиева Г.А.
– «ЖОО Үздік оқытушысы» атағы:
п.ғ.к., доцент Б.С.Имангалиева
м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова
х.ғ.к., доцент Тастанова Л.К.
PhD М.Ж. Махамбетов
б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова
– «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»:
Аға оқытушысы Г.А.Гатаулина
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі АБ №0137431 сериясымен берілген АБ №13014680 лицензиясы негізінде факультетте жоғары білімнің 3 бағыты бойынша: «Білім» (2 мамандық), «Жаратылыстану ғылымдары» (3 мамандық), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (2 мамандық) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 4 мамандығы (магистратура) бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады
Бакалавриат бойынша білім бағдарламалары:
6В05201 — ЭКОЛОГИЯ
6В07104 — ЭКОЭНЕРГЕТИКА
6В01505 – БИОЛОГИЯ
6В05101 — БИОЛОГИЯ
6В05102 -БИОТЕХНОЛОГИЯ
6В01504 — ХИМИЯ
6В01507 – ХИМИЯ -БИОЛОГИЯ
6В05302 — ХИМИЯ
6В07105 — ХИМИЯЛЫҚ ИНЖИНИРИНГ
6В07206 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
6В07205 — МҰНАЙ-ХИМИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Магистратура бойынша білім бағдарламалары:
7М05201 – ЭКОЛОГИЯ
7М05203 – ЭКОЛОГИЯ
7М05204 – ЭКОЛОГИЯ
7М01505 — БИОЛОГИЯ
7М05101 — БИОЛОГИЯ
7М07102 – ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7М01504 — ХИМИЯ
2017-2018 оқу жылында факультет құрлымына «Экотоксикология және қоршаған орта нысандарын бақылау» оқу – ғылыми зертханасы, «Микробиология және биотехнологияның қазіргі мәселелері» оқу – ғылыми зертханасы және «STEM» инновациялық білім беру орталығы кіреді.
Студенттермен тәрбие жұмыстарын және оқу үрдісін ұйымдастыру үшін факультетте арнайы жабдықталған жеткілікті материалдық-техникалық база бар.
Факультеттің материалдық – техникалық базасы 64 аудиториядан тұрады. Олардың ішінде дәріс – 3, аудиториялар – 33, оқу зертханалары – 12, оқу-әдістемелік кабинеттер – 3 және 6 оқу-ғылыми зертхана.
Мемлекеттік білім грантын иеленушілердің саны 1189 білім алушыларды (жалпы контингенттен 73 %) құрайды.