7М07102 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Шифр – мамандықтың атауы:
7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (Сертификат №АВ 115805.12.2016 ж.).
Оқу түрі, мерзімі:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;
Берілетін дәреже:
7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология ғылымдарының магистрі (ғылыми- педагогикалық бағыт, 2 жыл);
Кәсіби қызметінің саласы:
Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:
- ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша: ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару ұйымдары; білім мекемелері; жоғары, орта-кәсіптік және орта оқу орындары; жобалау ұйымдары; мұнай-газ өндірісінде; химия және мұнайхимиясы өндірісінде; полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде, өндірістік мекемелер және басқалары;
- бейіндік дайындық бағыты бойынша: мемлекеттік басқару ұйымдары; жобалау ұйымдары; химия және мұнайхимиясы өндірісінде; полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде; өндірістегі сараптама жүргізу; өндірістік мекемелер және басқалары.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- білім мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- өндірістегі технологиялық процесстерді басқару;
- мұнайхимия өндірісі;
- мұнайгаз өндірісі;
- химия өндірісі;
- полимерлер мен полимерлі бұйымдарды өндіру өндірісінде;
- пластмасса өндірісі;
- өндірістік мекемелер;
- мұнай, экология, химиялық сараптама лабораториялары;
- энергетика нысандары.
Кәсіби қызметінің пәні:
Мұнай өңдеудегі физика-химиялық талдау, мұнай өңдеудің екіншілік процесстердің теориялық негіздері, органикалық синтездін теориялық негіздері, табиғи энергия тасымалдағыштарды және көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиялары, мұнай-газ өңдеу өндірісінде автоматтандыру және басқару, химия өнеркәсібіндегі жоспарлау, мұнай өңдеу және мұнайхимиясының инновациялық технологиялары, органикалық заттар технологиясының даму перспективалары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми-зерттеу
- жобалық-өндірістік
- әкімшілік-өндірістік
- педагогикалық.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Химия және химиялық технология кафедрасы, «Актобенефтепереработка» ЖШС, «АЗХС» АҚ, «Гидроэкоресурс» ЖШС, «Гидроэкоресурс» ЖШС.