7М05201 – Экология
Шифр – мамандықтың атауы:
7М05201 – Экология
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті (Сертификат №АВ 115805.12.2016 ж.).
Оқу түрі, мерзімі:
ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;
Берілетін дәреже:
6М060800 – «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
- ғылыми-зерттеу институты;
- оқу орындары;
- қоршаған ортаны қорғауға арналған аймақтық экологиялық мекемелер;
- биосфералық резерваттар мен қорықтары;
- өндірістік және экологиялық кәсіпорындар;
- агроөнеркәсіптік кешендер мен полигондар.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- білім мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.
Кәсіби қызметінің пәні:
биосфера және оның компоненттері; экологиялық мониторинг және маркетинг; табиғи және қалалық экожүйелер және олардың компоненттері; қоршаған ортаның инспекциясы мен мониторингі; болжамды модельдерді жасау; экологиялық білім беру және тәрбиелеу; технологиялық үдерістерде және жаңа кәсіпорындардың, елді мекендердің, ҚОӘБ және экологиялық аудиттің жобалауындағы экологиялық талаптарды сақтау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми-зерттеу;
- жобалық-өндірістік;
- әкімшілік-өндірістік;
- педагогикалық.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ніңЭкология кафедрасы, РММ «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті», ММ «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ, РММ «Казгидромет», АҚ «Ақбұлақ», АҚ «АЗХС», ЖШС «АСУ ЭКО», ЖШС «Гидроэкоресурс», ЖШС «НИИ Батысэкопроект».