Жұбанов – өнер ордасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған «Жұбанов–өнер ордасы» жобасы аясында 2020 жылдың 5 наурыз күні жаратылыстану факультетінің деканаты мен экология кафедрасының ұйымдастыруымен «Өнердің өрелі биіктігіндегі тұлғалар» атты кездесу кеші өтті.Кездесу кешінің қонақтары:

Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, «Екі Езу» театрының авторы,көркемдік жетекшісі – Жұбатқан Нұрлыбек Хайруллаұлы; Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, «Екі Езу» театрының қоюшы – режиссері – Татебаев Бекбол Кәдірғалиұлы; университет түлегі, радио жүргізуші, психолог, бизнес коуч – Айткулова Саулентай Талғатқызы; тайм-менеджмент коуч –тренері – Сейлханова Жанар Сериккызы болды. Кездесу барысында өнердің қызметі,мақсаты, адам өміріндегі маңызы мен мәні туралы айтылды. Қонақтардың жетістікке жету кезеңіндегі жүріп өткен белестеріне студенттеріміз тәнті болып, алға қойған мақсаттарына жету үшін ынталанды. Кеш соңында Нұрлыбек Жұбатқан факультет деканы Мұрат Жарақұлына әр жылдары жарық көрген сатиралық кітаптарын ризашылықпен табыс етті.