Үлкендерді еске алу

Жаратылыстану факультетінде Экология кафедрасының бастамасымен Қ.Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған, «Тарихи тұлға Құдайберген Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы» атты кездесу кеші өткізілді. Кештің басты қонағы – атақты композитор Ахмет Жұбановтың қызы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жұбанова Ажар Ахметқызы.

Ұйымдастырылған шараның мақсаты – университетімізге аты берілген профессор, түркітанушы, педагог Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығымен студенттерімізді таныстыру.

Кездесу Экология кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Гуля Амиржановна Исенгалиеваның кіріспе сөзінен басталды, сонымен қатар кездесуде экология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Клара Исламовна Исламованың «Құдайберген Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты баяндамасы оқылды. Экология мамандығының 3 курс студенті Аманғалиев Еркебұлан өз шығармашылығынан Ахмет Жұбановқа арнаған өлең жолдарын оқып, кеш қонағы Ажар Ахметқызын қатты қуантты.

Кездесу өте қызықты, әрі студенттеріміз үшін танымды өтті.