Антиядролық бағдарлама

Жаратылыстану факультеті, экология кафедрасының аға оқытушысы А.Ш.Калиеваның ұйымдастыруымен 202 ЭҚБ тобында «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай «Жалынды жастар – бейбіт елдің жалғасы» атты факультет көлемінде кездесу кеші өткізілді.

Аталмыш шараға «Невада – Семей» қоғамдық-экологиялық қозғалысының өкілдері аймақтық менеджмент академиясының профессоры, доцент «Невада – Семей» қоғамдық-экологиялық қозғаласының Батыс Қазақстан комиссиясының төрағасы Қозы Қибатов, аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры, «Невада – Семей» қоғамдық-экологиялық қозғаласының Батыс Қазақстан аймағы филиалының директоры, «Құрмет» орденінің иегері, дәрігер – онколог Ізімғали Көбенов және «Невада – Семей» полигонының ардагері Серікбай Кайдосов шақырылды.

Кездесуді факультет деканы М.Ж.Махамбетов бастап, студенттеріміз «Невада – Семей» қоғамдық-экологиялық қозғалысы бойынша баяндамалар мен өлеңдер оқылды. Кездесу қонақтары студенттерге студенттермен ядролық жарылыстың экологиялық салдарын және «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының әр түрлі шараларын талқылады. Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.