Бөлек жинау

2. «Ғылым апталығы» аясында Жаратылыстану факультетінің Экология кафедрасында ғылыми үйірмелердің басшылары Н.С.Бекбаулина мен Ү.Қ.Сарсембиннің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Управление ТБО» атты дөңгелек үстел өтті. Кафедрадағы «Эко+» және «Жас эколог» атты ғылыми үйірмелердің мақсаты – студенттерді ғылымға баулу, өз пікірлерін дәлелдей білуге үйретіп, әрқашан ізденісте болуға дағдыландыру. Ұйымдастырылған шара факультет деканы М.Ж.Махамбетовтың кіріспе сөзінен басталып, үйірме қатысушылары А.Арипованың «Раздельный сбор ТБО», А.Жусупованың «Вторая жизнь отходов», В.Воробьеваның «Отходы в доходы» атты баяндамаларымен жалғасын тапты. Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» басшысының орынбасары А.И.Кубеновте қатысып, қарастырылған мәсселе бойынша өз пікірін білдіріп, студенттерге көптеген кеңестер берді. Дөңгелек үстелдің аясында «Қалдықтарды дұрыс бөл» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция –талабы – фойеде орнатылған қоқыс контейнерлерін дұрыс пайдалану болды.(2018-219)