Спорт – денсаулық кепілі

24.04.2020 ж. Биология кафедрасының 6В05102-“Биотехнология” мамандығының БТк-108 тобы кураторы Ж.А.Каренеева “Спорт – денсаулық кепілі” тақырыбында кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағат барысында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үй жағдайында студенттердің салауатты өмір салтын сақтануы, күнделікті спорт жаттығуларымен айналысу керектігі айтылды. Спортқа байланысты әртүрлі сұрақтар қойылып, қызу талқыланды. Биотехнологтар сіздерді спортпен шұғылдануға шақырады