Сыбайлас жемқорлық туралы тілдесу?

22.04.2020 жылы Zoom платформасын қолдану арқылы “ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ – ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ” атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты ұйымдастырушылар: Кукенов Ж. Ж., Бисалыева Р. Н. және Биология мамандығының – 403,401 тобының студенттері. Кураторлық сағатты өткізудің мақсаты жеке тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік нормаларға позитивті көзқарас қалыптастыру, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларға іс-әрекет ету болып табылады.

Кураторлық сағатта “парақорлық және пара” (Нағимова Шынар), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” (Байдалы Нұрболат) тақырыбында баяндама жасалып, “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!». Студенттер жоғары белсенділік көрсетіп, ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”Заңы бойынша жақсы білімдерін көрсетті.