Тәжірибе нәтижелері

2020 жылдың 9-ші сәуірі күні, онлайн режимінде, ZOOM платформасымен биология кафедрасы 5В060700-Биология білім бағдарламасының бітіруші түлектерінің өндірістік практикасының нәтижесін қорытындылау конференциясы, практика жетекшілері А.М.Абдукаримов, Р.Н.Күзембаевтермен ұйымдастырылды. Конференцияға факультет деканы М.Ж.Махамбетов, кафедра меңгерушісі Г.Б.Адманова, кәсіби даму және мансап орталығының маманы А.Х.Мұхамбетова және 4 курс білім алушалары қатысты. Конференция барысында өздері практикадан өткен “Қалалық жас натуралистер стансасы”, «Greenhouse Kazakstan» жылыжайы, Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қабылдау бақылау комитеті, Ақтөбе обаға қарсы күрес стансасы, Мұғалжар, Шалқар, Әйтеке би және Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінен жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістік тәжірибе есептерін қорғады. Бекітілген жетекшілер практиканың жақсы аяқталғанын айтып, практика базасынан бекітілген жетекшілердің ұсыныстары мен мінездемелерін ескере отырып, практика нәтижесі қорытындыланып, бағаланды.