Бірінші дақыл

Жарты айдан астам уақыт бұрын қолданысқа берілген «Жұбанов жылыжайында» қазіргі таңда білім алушылар алғашқы өнімін жинады. «Өсімдіктер әлемі» үйірмесінің мүшелері көкөніс және жасыл көкөніс дақылдарынан пияз, қияр, ақжелкен, аскөк өсімдіктерін тұқымнан және өсімтал мүшелерінен егіп, агротехникалық талаптарға сай баптап күтуде. Алдағы уақытта егілетін жер көлемін кеңейтіп көкөніс дақылдардың көлемін ұлғайтып, алынатын өнім деңгейін көтеру жоспарлануда.