Жұбанов жылыжайы

2019-2020 оқу жылында Жаратылыстану факультеті, биология кафедрасының тарихында үлкен жаңалық – “Жұбанов жылыжайы” іске қосылды. Енді білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және оқытушылар ғылыми жұмыстармен айналысуға мол мүмкіндік алды.

Университет жылыжайының негізгі мақсаты: «Биология» мамандығының білім алушыларының теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып жылыжай кешенінде ғылыми зерттеулер жүргізуіне жағдай жасап, ғылымға деген ынталарына  жол ашу.

Жылыжай кешенінде жыл бойы өсімдіктердің әр түрлі түрлері және сорттары өсіріліп, зерттеледі. Сонымен қатар жылыжай кешені дипломдық және магистрлік жұмыстар жазу үшін қажетті ғылыми зерттеулер және эксперименттер жүргізуге аса қолайлы жер. Кешенде оқытушылар далалық-практикалық семинарлар және практикумдар жүргізулеріне болады. «Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы», «Ботаника», «Фитоцеонология», «Өсімдіктер физиологиясы» сабақтарында алынған білімдерін практикалық жағдайда бекітуге мүмкіндік болады. Білім алушылардың көкініс дақылдарын өсіруге деген қызығушылықтарының артуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, университет территориясын көгалдандыру үшін қажетті декоративті өсімдіктердің көшеттерін өсіруге болады. Әртүрлі көкөніс дақылдарын өсіріп, оны университет асханасында пайдалануға болады.

 Жылыжай кешенінде әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады. Соның бірі су үнемдеу, яғни тамшылатып суғару технологиясы. Сонымен қатар өсімдіктерді топырақсыз өсіруге болады, ол үшін ағаш үгінділері пайдаланылады. Бұл эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін өте пайдалы болып табылады.