Біздің жеңісіміз!

ҚР ЖОО студенттері арасындағы 5В0720000 – “Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы” білім бағдарламасы бойынша әл Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырылған пәндік олимпиадаға Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жаратылыстану факультеті, Химия және химиялық технология кафедрасының “АРГУ-технологи” командасы жүлделі 2 орын алды. Жеке есепте ҚР БжҒМ-нің ІІ дәрежелі дипломмен 3 курс студенттері Сайнова Алина, ІІІ дәрежелі дипломмен Ермухамбетова Алсу марапатталды. Команда жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Бекетова Г.К.
Дәстүрлі білім додасында жеңіске жеткен олимпиада жүлдегерлерін дайындаған жетекшісі Г.К.Бекетова мен пән оқытушыларына алғыс білдіреміз! Шығармашылық табыстар мен жеңістіктер тілейміз