6В05102 -Биотехнология

Шифр-мамандықтың атауы:

«6В05102 -Биотехнология»

 Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл.

Берілетін дәреже:

«6В05102 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • білім беру ұйымдары;
  • тамақ және қайта өңдеу, микробиология, фармацевтика, мұнай өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары мен зертханалары;
  • санитарлық-эпидемиологиялық, өсімдіктерді қорғау, селекциялық станциялар;
  • ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалар.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми-зерттеу институттарындағы, жоғары оқу орындары мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардағы маман (зертханашы);
  • өндірістік зертханалардағы технолог;
  • биотехнологиялық, медициналық, мұнай, ауыл шаруашылығы өндірістеріндегі маман-технолог;
  • тамақ өндірісінің маманы;
  • экологиялық қызметтер мен ұйымдардағы маман.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • биотехнологиялық өнім өндіруді жүзеге асыру;
  • биотехнологиялық өнімнің сапасын бақылау;
  • биотехнология объектілерін өсіру және биологиялық іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • биотехнологиялық өндірістің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру;
  • жаңа тамақ өнімдерін сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарды орындау;

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару;
  • ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу;
  • жобалау;
  • селекциялық;
  • сервистік-пайдалану;
  • монтаждық-келтірушілік;
  • есептік-жобалық;
  • білім беру.

Практика базалары:

  • ТОО « Айс плюс»
  • «Ақтөбе Продукт» ЖШС
  • ТОО «Рамазан»
  • СЭС және т.б.