6В05101 — Биология

Шифр-мамандықтың атауы:

6В05101 – Биология

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың 5 желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл.

Берілетін дәреже:

6В05101– Биология білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • әртүрлі ұйымдастыру деңгейіндегі биологиялық жүйелер;
  • биологиялық табиғатты қорғау технологиялары

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттары;
  • юнаттар станциясы, колледждер;
  • ұлттық парктер, қорықтар және т.б.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • әртүрлі ұйымдастыру деңгейіндегі биологиялық жүйелер;
  • микроорганизмдердің, өсімдік және жануарлар нысандарының қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын анықтау;
  • биологиялық табиғатты қорғау технологиялары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару;
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • табиғатты қорғау.

Практика базалары:

  • Ақтөбе ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы;
  • Ақтөбе облысының Ұлы Борсық орман шаруашылығы;
  • жас натуралистер станциясы;
  • Фитосанитария;
  • Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
  • Ырғыз-Торғай табиғи мемлекеттік резерваты және т.б.