6В07104 – Экоэнергетика

Шифр – мамандықтың атауы:

6В07104 – Экоэнергетика

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл;

сырттай: 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәреже:

6В07104 – Экоэнергетика білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мекемесінде, өнеркәсіптік және экологиялық мекемелерде, жасыл энергетика нысандарында, ғылыми-зерттеу орталықтары және институттарында эколог-техник, балама энергетика бойынша маман, эколог-инженер болып жұмыс жасай алады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық бөлімдері, электр энергиясын, электр станциялары мен қосалқы станцияларды өндіру, бөлу және тұтыну жөніндегі кәсіпорындар; энергетикалық қондырғылар, атом электр станциялары, электр желілері және қосалқы станциялары, электр желілерін басқаруға арналған диспетчерлік орталықтар, энергетика нысандарын басқарудың автоматтандырылған жүйелері, электр энергиясын сыртқы электрмен жабдықтау жүйелері.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • электр станциялары мен қосалқы станциялары;
  • электр жүйелері мен желілері;
  • электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру;
  • әр түрлі саладағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау;
  • дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері;
  • электромеханика;
  • электр оқшаулау және кабель технологиясы;
  • электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми – зерттеу;
  • ұйымдастыру – басқару;
  • табиғатты қорғау;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеушілік;
  • жобалық.

Практика базалары:

ЖШС «Гидроэкоресурс – L», ЖШС «НИИ Батысэкопроект», «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ, ЖШС «Асу ЭКО».